Атбасар ауданы Тельман ауылдық округі әкімінің мерзімінен бұрын сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына,
113-1-бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, 3 және 4-тармақтарына сәйкес,
Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Атбасар ауданы Тельман ауылдық округінің әкімін мерзімінен бұрын сайлау 2025 жылғы 14 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Простор-Атбасар» газетінде жариялансын.

 

Дата публикации
06 августа 2025