«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау. «Атбасар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 санаты.

Атбасар ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы мәліметтер

Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2025 жылғы 6 тамыз

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2025 жылғы 11 желтоқсан

сұхбат:  2025 жылғы 13 августа

Анықтама телефоны: 87164324791

E-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700 теңге

Блок-А, грейд-4.

 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазымның атауы:

«Атбасар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 санаты

 

Функционалдық міндеттері:

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру; бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету; аумақтарды дамыту жоспарын және Кешенді жоспарды әзірлеуге қатысу және олардың орындалу барысы туралы есептерді жасау; лизингтік компаниялардың қызметтерін кеңінен қолдана отырып, өндіріске жаңа ауыл шаруашылығы техникасын енгізу бойынша жұмыс жүргізу; өнімді өткізу мәселелерінде ауыл шаруашылығы құралымдарына ақпараттық көмек көрсету, жанар-жағармай материалдарының қажеттілігін айқындау және бөлу; жоғары тұрған органдарға есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, еңбек тәртібін сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты шектеулер және ол үшін жауапты болады; қолданыстағы заңнама шеңберінде бөлім басшысы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру; Бөлімге түскен өтініштерді қабылдау және қарау бойынша іс қағаздарын жүргізу.

қарауға өтіңіз

Дата публикации
29 июля 2025