Атбасар ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы мәліметтер
Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2025 жылғы 2 тамыз
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2025 жылғы 4 тамыз
сұхбат: 2025 жылғы 7 тамыз
Анықтама телефоны: 87164324791
E-G-3 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 210 086 теңге
Блок-В, грейд-3.
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазымның атауы:
«Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналды0 мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-G-3 санаты
Функционалдық міндеттері:
Құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалатын операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүзеге асыру. Барлық жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетуді жүзеге асыру. Тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларымен бекітілген сомалар шегінде міндеттемелердің қабылдануына бақылауды жүзеге асыру. Белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес қаражаттың дұрыс, тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметшілерге және техникалық персоналға жалақы мерзімінде есептеу және төлеу. Белгіленген мерзімде қаржылық, статистикалық және салықтық есептілікті жасау және ұсыну. Мемлекеттік мекеме басшысымен қаржыландыру жоспарларын және оларға есеп айырысуларды жасау және келісу. Стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу.Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін, оның ішінде электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асыру. Кейіннен мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыра отырып, тиісті қаржы жылына арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу, бекіту және нақтылау. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы 1-МЗ есебін, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есепті, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезіндегі қазақстандық қамту көлемі туралы есепті қалыптастыру.