Атбасар ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы мәліметтер
Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2025 жылғы 8 тамыз
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2025 жыл 10 тамыз
сұхбат: 2025 жылғы 12 тамыз
Анықтама телефоны: 87164324791
E-3 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700 теңге
Блок-В, грейд-5.
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазымның атауы:
Атбасар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, (уақытша, баласы үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын 2027 жылғы 16 тамызына дейін демалыс кезеңіне (осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)) «Е-3» санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері:
Бөлімнің жалпы басшылығы және жұмысын ұйымдастыру. Мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік органның мүдделерін белгіленген тәртіппен ұсыну. Атбасар ауданы әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу. Аудан әкімдігінің мемлекеттік мекемелері әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға, қажет болған жағдайда әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберу. Аудан әкімдігінің басқа мемлекеттік мекемелері әзірлеген жағдайда келісу.
Мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның құжаттарын дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік органда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыруды насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру.
Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысының жұмысына жауапты.