«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс. «Атбасар ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, «Е-R-1» санаты, 1 бірлік.

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар  қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың  максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

«Атбасар ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, «Е-R-1» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 354 069 теңгеден 406 714  теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Заңнама және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Мәдениет және спорт мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі бөлімнің жұмысын ұйымдастыру. Бөлімнің ведомстволық бағынысты мекемелері кадрларының жай-күйіне мониторинг жүргізу, Жоғары тұрған органдар құжаттарының уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мекемелерінің ұйымдастыру жұмысын реттейтін құжаттарды әзірлеуге қатысу. Аудандық мәдени және спорттық іс-шараларды, жарыстарды ұйымдастыру және өткізу, аудан құрама командаларының барлық деңгейдегі жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету. Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру

Блок-А, грейд-7.

Дата публикации
22 июля 2025