2025 жылғы 13 шілдеде Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімін бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Атбасар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, сайлау қорытындыларын белгіледі:
Шұңқыркөл сайлау округі
Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 588 азамат енгізілді, олардың 420 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған – 9.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Байкенова Г.С. – 56; Майер М.А. – 60; Мырзахметов Б.С. – 295.
1980 жылы туған, ҚР ІІМ зейнеткері «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Сочинское ауылында тұратын Мырзахметов Бауржан Серікжанұлы Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Атбасар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2025 жылғы 14 шілдегі № 15 шешімімен 2025 жылғы 13 шілдеде сайланған Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Атбасар аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы