Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Стратегиялық жоспары аясында Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік органдар мен Ақмола облысы квазимемлекеттік секторының бюджет қаражатын толық әрі уақытылы игеруге бағытталған ішкі процестердің тиімділігін арттыру, бұзушылықтарды уақтылы анықтап, жолын кесу бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде.
Мемлекеттік аудит объектілеріне шексіз тексерулер жүргізбеу және артық қысым көрсетудің алдын алу мақсатында келісілген аудит объектілерінің тізбесі әзірленген.
Барлық аудиттік тексерулер тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделіп, тек бұзушылықтарды емес, олардың туындау себептерін де уақтылы анықтап жоюға бағытталған.
Бюджет қаражатының тиімсіз және негізсіз жұмсалуының алдын алу және жедел шаралар қабылдау мақсатында, қазынашылық органдары әзірлеген тәуекелдік профильдер негізінде алынған төлемдер мен шарттарға талдау жүргізіледі.
Мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларында жалақы төлеуге бағытталған бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылауды күшейту мақсатында Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Онлайн бюджеттік мониторинг» (бұдан әрі – ОБМ) модулінің функционалын кеңейтті.
Осылайша, Комитет тарапынан алдын алу жұмыстарының үлесін арттыру және оны ауқымды ету үшін аумақтық департаменттерге ОБМ модуліне қол жеткізу қамтамасыз етілді.
Осыған байланысты, 2024 жылғы 28 қазанда Комитет өзіне бағынысты департаменттерге тапсырма жолдаған.
Аталған тапсырманы орындау мақсатында Департамент тарапынан білім беру саласындағы жалақы төлемдерін мониторингілеу үшін ОБМ модуліне қол жеткізу мүмкіндігі бар жауапты тұлғалар бекітілді.
Жалақы төлемдеріне қатысты келесі 6 тәуекелдік профиль бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі:
Егер жауапты тұлға тәуекелдік профиль бойынша тәуекелді төлемді анықтаса, ол ОБМ жүйесінде «жұмыста», «бұзушылық жоқ», «хабарлама жолданды» мәртебесін белгілеп, мониторинг объектісіне жауапты әкімшілік органды, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарын хабардар ете отырып, дереу шаралар қабылдайды (хабарлама-хат жібереді).
Егер тәуекел жағдайлары сақталса (мониторинг объектісі оларды жоймаса), мемлекеттік аудит тағайындалып, өткізіледі.
2025 жылғы 17 сәуірден бастап ОБМ модулінде хабарлама жасау тетігі іске асырылды.
Қазіргі уақытта Департамент мамандары ОБМ модулі арқылы хабарламалар жасап, мониторинг объектісіне жолдайды.
2025 жылғы 17 сәуір мен 25 маусым аралығында Департамент дене шынықтыру және спорт саласында ОБМ арқылы жалақы төлемдерін мониторингілеу нәтижесінде жалпы сомасы 1 655 712 теңгеге 6 жеке тұлғаға қатысты 9 тәуекелдік төлем бойынша 6 хабарлама-хат (реагирлеу хаты) жолдаған.
Оның ішінде:
2025 жылғы 17 сәуір мен 25 маусым аралығында мәдениет саласы бойынша ОБМ арқылы жалақы төлемдерін мониторингілеу нәтижесінде жалпы сомасы 44 119 325 теңгеге 76 жеке тұлғаға қатысты 172 тәуекелдік төлем бойынша 24 хабарлама-хат жолданған.
Оның ішінде: