Атбасар ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы мәліметтер
Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2025 жылғы 30 маусым
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2025 жылғы 2 шілде
сұхбат: 2025 жылғы 7 шілде
Анықтама телефоны: 87164324791
E-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 210 086 теңге
Блок-В, грейд-3.
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазымның атауы:
«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, E-4 санаты
Функционалдық міндеттері:
«Е-өтініш» базасы бойынша келіп түскен өтініштердің орындалу мерзімдерін бақылайды; өтініштерді қарау нәтижелері бойынша жауаптар жібереді. Аудан әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін «Е-өтініш» бағдарламасында тіркеу, «Е-өтініш» базасын ҚСжАЕКБ-ға ай сайын түсіру және аудан әкімі аппараты бойынша 1-0Л нысаны бойынша есепті тапсыру бойынша жұмысты жүзеге асырады. Аудан бойынша 1-ОЛ өтініштері бойынша жиынтық есеп жасайды. Қабылдау күндері аудан әкімі қабылдайтын келушілерді тіркеуді жүзеге асырады, тіркеу карточкаларын ресімдейді, аудан әкімінің және әкім орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын хаттамалайды, орындаушылардың назарына аудан әкімі мен әкім орынбасарларының жеке қабылдауында берген тапсырмаларын жеткізеді және олардың орындалу мерзімдерін бақылайды. Ауданның мемлекеттік мекемелерінің «Е-өтініш» базасын ай сайын түсіру бойынша бақылауды жүзеге асырады және аудан бойынша ай сайынғы салыстыру актісін жасайды. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша ай сайынғы талдамалық ақпарат дайындайды. Ағымдағы мұрағатты қалыптастыру және істерді ведомстволық мұрағатқа тапсыру жөніндегі жұмысты жүзеге асыру. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.