Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Шұңқыркөл ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды келесідей құрамда 2025 жылғы 19 маусым күні тіркеді:
- Байкенова Гүлдан Сәкенқызы – 1992 жылы туған, қазақ, «Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, Атбасар қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Майер Михаил Александрович – 1984 жылы туған, неміс, «Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ бас инспекторы, Атбасар қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Мырзахметов Бауржан Серікжанұлы – 1980 жылы туған, қазақ, ІІМ зейнеткері, Сочинское ауылында тұрады. «АМАNАТ» партиясынан ұсынылған.
Атбасар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы