«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 2 және
8-1 тармақшаларына, 113-1 бабының 1-тармағының 1 тармақшасына,
2 және 4 тармақтарына сәйкес, Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімін кезекті сайлау 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Простор-Atbasar» газетінде жариялансын.