«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
«Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп секторының меңгерушісі, «Е-R-3» санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 263 131 теңгеден 302 255 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Сектордың жұмысына жетекшілік етуді қамтамасыз ету. Аудан, оның ішінде бөлім бойынша Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының қызметін ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін жүзеге асыру. Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыру, бюджеттік заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу, облыстық қазынашылық басқармасы арқылы жүргізілетін операцияларды есепке алу. Жеке қаржыландыру жоспарларын жоспарлау мен орындауды жүзеге асыру. Аудандық экономика және қаржы бөлімімен шығыстар сметасын орындау және бюджет қаражатының мақсатты орындалуы бойынша өзара іс-қимыл жасау. Қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді жасауға қатысу. Бөлімнің есептілігін жүзеге асыру. Бюджеттік бағдарламалардың жобаларын немесе бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын дайындау. Бөлім басшысы айқындайтын өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыру.Блок-А, грейд-5.