БЖЗҚ-ның 2020 жылғы 1 қазандағы негiзгi көрсеткiштерi
2020 жылдың тоғыз айында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,5 триллион теңге мөлшерiнде зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.10.2019 жылдан бастап 01.10.2020 жылға дейiнгi бiр жыл iшiнде бұл сома шамамен 1,9 триллион теңгеге немесе 20%-ға ұлғайды. Осындай ауыз толтырып айтуға болатындай, яғни өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 598,6 млрд теңгеге артық өсiмге негiзiнен БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,08 триллион теңгеден астам таза инвестициялық табыс есептелгеннiң арқасында қол жеткiзiлдi.
Зейнетақы жинақтарының негiзгi сомасы мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен қалыптасып, 12,2 трлн теңгенi құрады (2020 жылдың басынан бергi өсiм — 16%). Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 301,9 млрд теңге (өсiм — 23%), ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,14 млрд теңгеге жеттi (өсiм — 10%).
2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 1,2 миллионға жуық бiрлiкке ұлғайды. 01.10.2019 жылы ЖЗШ саны 10,6 млн бiрлiктi (10 576 023) құраса, 01.10.2020 жылға қарай 11,7 млн-нан (11 729 797) асты. Осылайша бiр жылдағы өсiм 11% болды.
Шоттардың ең көп саны мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған — олар шамамен 11 миллион, дәлiрек айтқанда 10 982 963 (жыл басынан бергi өсiм — 11%). Одан әрi мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен қалыптасқан шоттар — 521 681 (өсiм — 2%), ерiктi зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) саны да бiртiндеп өсуде, қазiр БЖЗҚ-дағы осындай шоттар саны — 56 517 (өсiм — 4%).
Салымшылардың шоттарына 2020 жылдың басынан берi жалпы көлемi 777,07 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылды, бұл 2019 жылдың 9 айындағы көрсеткiштен 61,7 млрд немесе 9% артық. Жарналардың жалпы көлемiнiң 95,4% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша аударылған 740,2 млрд теңге мөлшерiндегi түсiмдер құрайды, 35,2 млрд теңге МКЗЖ бойынша, ал 353 млн теңге ЕЗЖ бойынша жинақталған.
Төлемдер 138,5 млрд теңгенi құрап, олардың басым бөлiгi, атап айтқанда 33% жасына байланысты төлемдерге (46,1 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдарға (36,1 млрд теңге), ҚР шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету бойынша (27,6 млрд теңге), мұрагерлерге (24,5 млрд теңге), жерлеуге (3,01 млрд теңге), мүгедектiк бойынша төлемдерге (1,1 млрд теңге) тиесiлi болды.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).