БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша

БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық табысы 2020 жылдың басынан берi 1 трлн теңгеден асты

2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сенiмгерлiк басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерi 12,5 трлн теңгеден асты.

БЖЗҚ зейнетақы активтерi есебiнен қалыптастырылған қаржы құралдарының инвестициялық портфелiнiң есептi күндегi құрылымы БЖЗҚ ресми сайтының «Көрсеткiштер» — «Инвестициялық қызмет» бөлiмiнде орналастырылған: https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/a83/a83c7d2982754a42e05fbe6871e4292d.pdf

2020 жылдың 1 қазанына ҚР Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес 2020 жылға мақұлдаған бағыттар шеңберiнде ҚР ҰБ (сенiмгерлiкпен басқарушы ретiнде) төмендегiдей қаржы құралдарына инвестициялар жасады:

-ҚР Қаржы министрлiгi шығарған, ағымдағы құны 5 481,14 млрд теңгенi (барлық портфельдiң 43,77%) құрайтын, ал теңгеге номиналданған қағаздардың орташа алынған кiрiстiлiгi жылына 8,7%, АҚШ долларында жылына 4,4%- құрайтын ҚР Мемлекеттiк бағалы қағаздары;

-ҚР квазимемлекеттiк ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 707,9 млрд теңге (13,63%), теңгеге номинацияланған осы құралдар бойынша орташа алынған кiрiстiлiк жылына 10,6%, АҚШ долларында жылына 4,80% құрады;

-ҚР екiншi деңгейдегi банктерiнiң облигациялары 1 152,07 млрд теңге (9,2%). Жылдың басымен салыстырғанда ЕДБ облигацияларының үлесi 2,64% азайды. ҚР ЕДБ теңгеде номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кiрiстiлiк жылына 10,0%, АҚШ долларында жылына 6,3% құрады;

-659,56 млрд теңге (портфельдiң 5,27%-ы) мөлшерiндегi сыртқы басқаруға берiлген активтер. Өсiмi 2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 211% ұлғайған, ол есептi кезең iшiнде мандат шарттарына сәйкес жүргiзiлген инвестицияларға негiзделген. Бұл активтер бойынша жиынтық табыс 84,5 млрд теңгенi құрады.

Активтер сондай-ақ, шетелдiк және қазақстандық банктердiң депозиттерiне (тиiсiнше, бүкiл портфельдiң 4,91% және 1,98%), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң депозиттерiне (2,36% құрайды), инвестициялық шоттардағы ақша қаражатына (үлесi — 2,46%) және нарық талаптарына сай басқа да қаржы құралдарына әртараптандырылған.

БЖЗҚ зейнетақы активтерi есебiнен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлiнiсiндегi қаржы құралдарының инвестициялық портфелi мынадай:

ұлттық валютадағы инвестициялар — 69,51%, АҚШ долларында — 30,29 %, басқа валюталарда — зейнетақы активтерi портфелiнiң 0,19% — ы.

Есептелген инвестициялық кiрiстiң құрылымы төмендегiдей сипатқа ие:

- бағалы қағаздар бойынша сыйақы түрiндегi кiрiстер, оның iшiнде орналастырылған салымдар мен «керi РЕПО» операциялары бойынша 612,28 млрд теңге;

- бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кiрiстер (шығындар) 51,76 млрд теңге;

- шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кiрiстер (шығындар) 364,78 млрд теңге;

- басқа активтердi қайта бағалаудан түскен кiрiстер (БҚҚ) (5,49) млрд теңге;

- сыртқы басқарудағы активтер бойынша кiрiстер (шығындар) 84,50 млрд теңге;

- өзге кiрiстер — 3,98 млрд теңге.

Инвестициялық қызмет нәтижесiнде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруi салдарынан есептелген инвестициялық кiрiс мөлшерi 2020 жылдың басынан бастап 1,1 трлн теңгенi құрады. 2020 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлiнген БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң кiрiстiлiгi 9,71%-ы, инфляция 4,90%-ды құрады. Осылайша, БЖЗҚ зейнетақы активтерi бойынша нақты кiрiстiлiк 4,81% — ға тең болды.

Бұл ретте 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшiн соңғы 12 айдағы (2019 жылғы қазаннан бастап 2020 жылғы қыркүйекке дейiн) зейнетақы активтерiнiң кiрiстiлiгi инфляция 7,00% болған кезде 11,38%-ды құрады. Осылайша соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтерi бойынша нақты кiрiстiлiк 4,38% көрсеткiшке ие болды.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесi жұмыс iстегеннен берi салымшылар алған инвестициялық табыс 5 трлн теңгеден асты.

Дата публикации
02 ноября 2020