Аудан әкімі –Әлімжанов Кенеш Ғалибекұлы, осы лауазымда 2024 жылғы 6 желтоқсоаннан бастап жұмыс істейді.
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша халық саны - 41 558 адам.
Ауданының аумағында аудандық маңызы бар 13 ауылдық округтер, қала бар.
Ауданның мамандануы – машина жасау, астық өндіріс, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық өнімді қайта өндіру.
Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 10 млрд. 532 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылғы тиісті кезеңнің 59% - на жоғары (2024 жылы-6 млрд. 627,1 млн. теңге)
Облыс көлеміндегі аудан өнеркәсібінің үлесі 1,9% - құрады.
Өнеркәсіп өнімінің НКИ 103,9% құрады.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2 млрд.106,7 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 22,8% - ға төмен (2024 жыл 2 млрд. 730,6 млн. теңге).
Ауыл шаруашылығы өнімінің НКИ 93,8% құрады.
Төмендеу себептері: «Бастау» ЖШС мяса ет комбинатына сатудың төмендеуіне байланысты (статистикалық деректерді сәйкестендіруге байланысты мал басының азаюы).
Мал шаруашылығы
2025 жылғы 1 сәуірдегі шаруашылықтардың барлық санаттарындағы мал мен құстың барлық түрлерінің мал басының динамикасы.
Мал басы:
Өсу
қой мен ешкі 9,5% - ға және 53,5 мың басты құрады;
жылқы 16,3% - ға – 16,9 мың бас.
Төмендеу
ІҚМ 7,4% - ға 21,3 мың басқа;
сиырлар 8,8 % - ға және 10,3 мың бас;
шошқа 25,4% - 4,6 мың бас.
Төмендеу себептері: ІҚМ, оның ішінде сиырлар бойынша статистикалық деректерді жеке-қосалқы шаруашылықтарда сәйкестендіру есебінен; шошқалар бойынша жеке-қосалқы шаруашылықтарда құлдырау.
Есепті кезеңде 906,4 тонна ет өндірілді (13,6% - ға төмендеді, «Бастау» ЖШС-де ет комбинатына мал басының сатылуы төмендеді), 2 613,6 тонна сүт (1,9% - ға жоғары) 1 078 мың дана жұмыртқа (11,2% - ға жоғары ).
Негізгі капиталға инвестициялар
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3 млрд.795,9 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 6,4% – ға жоғары (2024 жылы-3 млрд. 569,2 млн. теңге). Бюджет қаражаты есебінен инвестициялар көлемі 2 млрд. 930,3 млн. теңге, меншікті қаражат 844,2 млн.теңгені, басқа қарыз қаражаты 21,4 млн. теңгені құрады. Инвестициялар ауыл шаруашылығы техникасын, жабдықтарын сатып алуға, орталық қазандықты, жылу желілерін қайта жаңартуға бағытталған.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ 105,2% құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд.078,1 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 18,6 есе жоғары (2024 жыл – 111,9 млн. теңге).
Құрылыс жұмыстарының НКИ 18 есе өсті.
1 371 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2024 жылдың тиісті кезеңінің 100,4% (2024 жылы-1 365 шаршы метр).
Шағын және орта бизнесті дамыту
01.04.2025 жылға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 2 520 бірлік (2024 жылға – 2 618 бірлік) тіркелген, оның ішінде.
Төмендеу себебі: жеке кәсіпкерлердің қызметін тоқтата тұруға байланысты.
Бөлшек сауда
Бөлшек тауар айналымының көлемі 5 млрд. 439,2 млн. теңгені немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 111,6% құрады.
2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында 4 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
Жұмыспен қамту органдарына жүгінген жұмыссыздар саны 417 адамды құрады. 142 жұмыссыз тұрақты орынға орналастырылды (2025 жылға арналған жоспар 1470 адам).
Жұмыссыз ретінде 389 азамат тіркелген.
Құрылған жаңа жұмыс орындарының саны 225 (2025 жылға арналған жоспар 2218 адам), оның ішінде тұрақты 170 уақытша 55.
13,8 млн. теңге сомасына 72 аз қамтылған отбасына әлеуметтік көмек тағайындалды.
2024 жылғы қаңтар–желтоқсандағы орташа айлық жалақы 301 501 теңгені (орташа облыстық көрсеткіш 329 241 теңге) құрады, бұл 2023 жылдан 7,8% - ға жоғары.
«Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде:
жастар тәжірибесіне 11 адам жіберілді (2025 жылға арналған жоспар - 43 адам);
әлеуметтік жұмыс орындарына 16 адам жіберілді (2025 жылға арналған жоспар - 20 адам);
қоғамдық жұмыстарға 21 адам (2025 жылға арналған жоспар- 66 адам);
күміс жасы 7 адам (2024 жылға арналған жоспар - 17 адам);
кәсіпкерлік негіздеріне оқыту - 9 адам;
Білім
Ауданда 44 білім беру мекемесі жұмыс істейді (7 мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 2 кешкі мектеп, 2 бастауыш мектеп, 6 негізгі орта мектеп, 24 орта мектеп, балалар музыка мектебі, балалар жасөспірімдер орталығы, "Олимп" дене шынықтыру-сауықтыру кешені).
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 91,9% (2049 – ден 1883 бала), 3 жастан 6 жасқа дейін-100% (1486 бала) құрады.
Денсаулық сақтау
Ауданның денсаулық сақтау нысандары көпсалалы ауданаралық ауруханамен, емханамен, 8 дәрігерлік амбулаториямен, 16 медициналық пунктпен, 5 фельдшерлік-акушерлік пунктпен ұсынылған.
Қан айналымы жүйесі органдарының аурушаңдығының 220 дан 254 жағдайға дейін ұлғаюы;
Төмендеу: онкопатологиямен сырқаттанушылық 36-дан 25 жағдайға дейін;
2024 жылдан бастап туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейі 2 жағдай (2024 ж. 2 жағдай);
Нәресте өлімі жоқ.
Ана өлімі жоқ