Атбасар ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.04.2025 - 23.04.2025
Қабылдау 1 этап: 24.04.2025- 28.04.2025
Қабылдау 2 этап: 30.04.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 01.05.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
04.05.2025
Сұхбат: 08.05.2025
Анықтама телефоны: 87712101562
E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210087
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
"Атбасар ауданының Макеевка ауылдық округі әкімінің аппараты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-G-3 (Лауазым мәртебесі:
Уақытша бос)
Функционалдық міндеттері:
құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалатын
операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүзеге асыру. Барлық
жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есеп
шоттарында көрсетуді жүзеге асыру. Тиісті қаржы жылына арналған
міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларымен бекітілген
сомалар шегінде міндеттемелердің қабылдануына бақылауды жүзеге асыру.
Белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, төлемдер
бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес қаражаттың дұрыс, тиімді
және мақсатты жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік
қызметшілерге және техникалық персоналға жалақы мерзімінде есептеу және
төлеу. Белгіленген мерзімде қаржылық, статистикалық және салықтық
есептілікті жасау және ұсыну. Мемлекеттік мекеме басшысымен
қаржыландыру жоспарларын және оларға есеп айырысуларды жасау және
келісу. Стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін, оның
ішінде электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асыру.
Кейіннен мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыра отырып,
тиісті қаржы жылына арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу, бекіту және
нақтылау. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік
сатып алу туралы 1-МЗ есебін, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды,
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есепті,
тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу
кезіндегі қазақстандық қамту көлемі туралы есепті қалыптастыру.