|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 115 |
|
бұйрыққа қосымша
|
Қазақстан Республикасы Индустрия
және инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушының
2021 жылғы 12 тамыздағы
№ 437 бұйрығымен бекітілген
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Мемлекеттік корпорация құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге оларды қабылдаған күні жеткізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын сәйкестендіруді жүзеге асырады және құжаттардың электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Портал арқылы берілген өтініш пен құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші www.e-Qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (одан әрі– тізілім порталы) қарайды.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» шлюзі (сыртқы шлюзі) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылады.
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді жекешелендіру кезінде:
бірінші кезең – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы;
екінші кезең – тұрғын үй комиссиясының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдауы, оның ішінде:
көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын толық және олардың Заңның, Қаулының және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;
көрсетілетін қызметті берушінің дауыс беру және тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін қабылдау не дәлелді бас тарту туралы шешім шығару үшін жергілікті атқарушы органның (мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің) құрамын қалыптастыруы;
көрсетілетін қызметті берушінің тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін ресімдеуі және қол қоюы;
көрсетілетін қызметті берушінің коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және тұрғын үйдің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді алуы;
үшінші кезең – көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасау.
2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің не коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді жекешелендіру кезінде кезеңдер осы тармақтың 1) тармақшасына ұқсас.
Коммуналдық мемлекеттік мекеменің не коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді коммуналдық тұрғын үй қорына беру тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
тапсырушы және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдарының тұрғын үйді қабылдау-тапсыру актісіне (беру актісіне) қол қоюы және коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты басшысының тапсыру актісін бекітуі;
тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу;
көрсетілетін қызметті берушінің коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және тұрғын үйдің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді алуы.
3) республикалық мемлекеттік мекеменің не республикалық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру кезінде:
бірінші кезең – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы;
екінші кезең – тұрғын үй комиссиясының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдауы, оның ішінде:
көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толық және олардың Заңның, Қаулының және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;
көрсетілетін қызметті берушінің дауыс беру және тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін қабылдау не дәлелді бас тарту туралы шешім шығару үшін жергілікті атқарушы органның (мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің) құрамын қалыптастыруы;
көрсетілетін қызметті берушінің тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін ресімдеуі және қол қоюы;
үшінші кезең – тұрғын үйді республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру, оның ішінде:
облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның атына қолдаухат жолдау;
облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қолдаухаты негізінде теңгерімінде берілетін тұрғын үй бар республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешім қабылдауы;
тапсырушы және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдарының тапсыру актісіне қол қоюы және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары) басшысының және коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысының тапсыру актісін бекітуі;
тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу;
көрсетілетін қызметті берушінің коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және тұрғын үйдің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді алуы;
төртінші кезең – көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасау.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, онда сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
«Мемлекеттік
тұрғын үй қорынан тұрғын
үйлерді жекешелендіру»
мемлекеттік қызметті
көрсету жөніндегі
қағидаларға
1-қосымша
|
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
|
2 |
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде: |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан, коммуналдық мемлекеттік мекеменің не коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде: - тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі немесе дәлелді бас тарту; - көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт. 2) республикалық мемлекеттік мекеменің не республикалық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде: - тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі немесе дәлелді бас тарту; - тапсыру актісі; - көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін. Тұрғын үйді жекешелендіру туралы электрондық нұсқада шарт жасалғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Қаулының 23-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жергілікті бюджетке төленуі тиіс тұрғын үйдің құнын төлеу жүргізіледі. |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда; 2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады; |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) өздері тұратын тұрғынжайларды жекешелендіруге жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерi қол қойған өтініш; 6) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санатына жататын азаматтар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы не жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады; Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған. 5) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекетік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. 2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 8-800-080-7777. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электрондық нысанда алу үшін қызметтерді электрондық нысанда алу субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана алады. |
«Мемлекеттiк тұрғын үй
қорынан берілетін тұрғын
үйлерді жекешелендiру»
мемлекеттік қызметті көрсету
жөніндегі қағидаларға
2-қосымша
Нысан
Астана, Алматы және
Шымкент қалаларының,
аудандардың және облыстық
маңызы бар қалалардың
жергілікті атқарушы
органдарының тұрғын үй
қатынастары саласындағы
функцияны жүзеге асыратын
құрылымдық бөлімшесінің атауы
____________________________
____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
азаматтан (ша) _____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)
Өтініш
Мен ______________________________________________ болып табылатындықтан (толық Т.А.Ә.) (жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні, кім және қашан берген, жеке сәйкестендіру нөмірі) маған жалдау (қосымша жалдау)
20 __ жылғы «__» ___________ № ___ шартына сәйкес _______________________ мекенжай бойынша тұрып жатқан пәтерімді жекешелендіруге рұқсат беруіңізді сұраймын.
Қосымша: _____________________________________________________
(барлық кәмелетке толған отбасы мүшелері келісім береді)
Мен, ___________________________________________________________
(Т.А.Ә., туыстық дәрежесі, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні, кім және қашан берген, жеке сәйкестендіру нөмірі)
_________________________________________________ мекенжайы бойынша
пәтерді ______________________ атына ақысыз жекешелендіруге келісемін.
(Т.А.Ә.)
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз, дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім береміз.
Көрсетілетін қызметті алушы қол қойды және жіберді: сағат _ _ , 20__ жылғы «__» _____:
Көрсетілетін қызметті алушының және отбасының кәмелетке толған мүшелерінің электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі - ЭЦҚ) алынған деректері:
ЭЦҚ қол қою күні мен уақыты.
Өтінішті қабылдау туралы хабарлама:
Көрсетілетін қызметті беруші қабылдады: сағат _ _ , 20__ жылғы «__» ______:
Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ деректері:
ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты.
«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларға
3-қосымша
Нысан
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үй қатынастары саласындағы функцияны жүзеге асыратын құрылымдық
бөлімшесінің атауы
____________________________
____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
азаматтан (ша) _____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
Өтініш
Маған және менің отбасыма____________________________________
(толық Т.А.Ә.) (жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні, кім және қашан берген, жеке сәйкестендіру нөмірі)
жалдау (қосымша жалдау) 20 __ жылғы «__» ___________ № ___ шартына сәйкес ______________________________________ мекенжай бойынша тұрып жатқан пәтерімді қалдық құны бойынша сатып алу (немесе тұрғын үйдің құнын _______ мерзімге бөліп-бөліп төлеу, бастапқы жарна ______ жолымен жекешелендіруге рұқсат беруіңізді сұраймын.
Қосымша: ________________________
(барлық кәмелетке толған отбасы мүшелері келiсiм береді)
Мен, __________________________________________________________
(Т.А.Ә., туыстық дәрежесі, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні, кім және қашан берген, жеке сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________________ мекенжай бойынша пәтерді
________________________________ атына жоғарыда көрсетілген шарттармен
(Т.А.Ә.) жекешелендіруге келісемін.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз, дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім береміз. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз, дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім береміз.
Көрсетілетін қызметті алушы қол қойды және жіберді: сағат _ _, 20__ жылғы «__» _____ ;
Көрсетілетін қызметті алушының және отбасының кәмелетке толған мүшелерінің электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі - ЭЦҚ) деректер:
ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты.
Өтінішті қабылдау туралы хабарлама:
Көрсетілетін қызметті беруші қабылдады: сағат _ _, 20__ жылғы
«__» ______:
Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ деректері:
ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 04.04.2025
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 35943 болып енгізілді
Результаты согласования
Министерство промышленности и строительства РК - директор Данира Кайратовна Сураужанова, 20.03.2025 15:53:34, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Ботагоз Шаймардановна Жакселекова, 01.04.2025 18:28:30, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министірлігі - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының К. Кажкенов, 04.04.2025 12:47:45, положительный результат проверки ЭЦП