«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру. Атбасар ауданы әкімінің аппараты қаржылық-шаруашылықты қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бас маманы, E-4 (Лауазым мәртебесі: Бос).

Атбасар ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 09.04.2025 - 15.04.2025
Қабылдау 1 этап: 16.04.2025- 18.04.2025
Қабылдау 2 этап: 22.04.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 23.04.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
26.04.2025
Сұхбат: 30.04.2025
Анықтама телефоны: 87712101562
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Атбасар ауданы әкімінің аппараты қаржылық-шаруашылықты қамтамасыз
ету және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бас маманы, E-4 (Лауазым
мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Аудан әкімі аппаратының, гараждардың және біріктірілген қорғаныс
бөлімі ғимаратының материалдық құндылықтарының сақталуын бақылауды
жүзеге асыру. Техникалық персоналдың материалдық-техникалық
жауапкершілігі туралы шарттар жасау. Жанар-жағармай және шығыс
материалдарының лимиттерін бақылау, аудан әкімі аппаратының
жүргізушілеріне жол парақтарын беру, ЖЖМ есептен шығару.
Жалға алушыларды жалдау есебін жүргізу, артық пайдаланылатын
жылжымайтын мүлік объектілерін және әкім аппаратының теңгеріміндегі өзге
де мүлікті беру туралы шарттар жасау.
Әкім аппаратының энергетикалық ресурстарын тұтынудың нақты көлемі
туралы 1 МЭТ есебін жасау және белгіленген мерзімде ұсыну. Мүліктің нақты
бар-жоғына түгендеу жүргізу.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін, оның
ішінде электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асыру және
қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес есепті орналастыру.
Кейіннен мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыра отырып,
тиісті қаржы жылына арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу, бекіту және
нақтылау.
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуге уақтылы шарттар
жасасу. Веб-портал арқылы шарттардың орындалуын қадағалау. Тауарларды,
жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен жұмыс, қажет болған
жағдайда жосықсыз жеткізушілермен жұмыс, сот органдарына ұсыну үшін
құжаттама дайындау.
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы
барлық қажетті есептерді қалыптастыру. Қолданыстағы заңнама нормаларына
сәйкес бюджеттік өтінімді әзірлеу және жасау..
еАkimat365 ақпараттық-талдау кешені порталымен жұмыс. Бөлімнің кіріс
және шығыс хат-хабарларымен жұмыс. Мұрағатты сақтауға тапсыру үшін істер
номенклатурасына сәйкес тиісті құжаттаманы дайындау.
. Бөлімнің кіріс және шығыс хат-хабарларымен жұмыс.

қарауға өтіңіз

Дата публикации
08 апреля 2025