Атбасар ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 09.04.2025 - 15.04.2025
Қабылдау 1 этап: 16.04.2025- 18.04.2025
Қабылдау 2 этап: 22.04.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 23.04.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
26.04.2025
Сұхбат: 30.04.2025
Анықтама телефоны: 87712101562
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
"Атбасар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Сауда мен қызмет көрсету саласын дамытуға бағытталған ҚР
бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету. Сауда қызметі мен қызмет
көрсету саласына мониторинг жүргізу. Сауда көрмелерін, жәрмеңкелерді,
аукциондар мен конкурстарды дайындау және өткізуге қатысу. Ауданның
сауда және қызмет көрсету саласын дамытуға бағытталған іс-шараларды
әзірлеу. Сауда және қызмет көрсету саласында кәсіпкерлікті дамыту, нарықты
тұтыну тауарларымен қанықтыру талдауын жүргізу. Әлеуметтік маңызы бар
азық-түлік тауарлары мен мұнай өнімдері бағасының мониторингі. Сауда мен
қызмет көрсету саласын дамытудың барлық мәселелері бойынша есептілік
жасау және ұсыну. Ауданның ірі, орта, шағын кәсіпорындарының сауда және
қызмет көрсету саласын дамытудың, өнеркәсіпті дамытудың барлық
мәселелері бойынша есептілік жасау және ұсыну.