Атбасар ауданы әкімінің аппараты
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс «Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет))
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды: «Атбасар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қаржылықшаруашылық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің басшысы, «Е-3» санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 226 837 теңгеден 260 564 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалатын операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүзеге асыру. Барлық жүзеге асырылатын қаржы және шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетуді жүзеге асыру. Тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларымен бекітілген сомалар шегінде міндеттемелердің қабылдануына бақылауды жүзеге асыру. Белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес қаражаттың дұрыс, тиімді және мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру.