Атбасар ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19.03.2025 - 28.03.2025
Қабылдау 1 этап: 31.03.2025- 02.04.2025
Қабылдау 2 этап: 04.04.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 05.04.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 09.04.2025
Сұхбат: 14.04.2025
Анықтама телефоны: 87712101562
E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін) Лауазым атауы: «Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Уақытша бос)
Функционалдық міндеттері: Қала әкімі аппараты қызметінің заңдылығын сақтауды қамтамасыз ету. Қала әкімінің нормативтік актілерінің, шешімдерінің, өкімдерінің және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарының жобаларын дайындауға қатысу. Қаланы абаттандыру және санитарлық тазарту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысады. Қала әкімінің мүддесін құқық қорғау және сот органдарында, сондай-ақ басқа да ұйымдарда білдіреді. Азаматтар мен заңды тұлғаларға консультациялық көмек көрсету. Қала әкімі аппараты қызметкерлерінің құқықтық білімін арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, қала әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылау. Білімі бойынша талап: Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: құқықтану Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім; жұмыс өтілі талап етілмейді.і.Шағым жасау тәртiбi Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.