2025 жылғы 16 наурызда Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округ әкімін бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Атбасар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округ әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Мариновка сайлау округі
Мариновка ауылдық округ әкімін сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2011 азамат енгізілді, олардың 1372 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 16, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған – 83.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Дархамбаев Н.Н. – 76; Соляникова И.В. – 169; Темірбеков Ж.Ө. – 1028.
1984 жылы туған, «Атбасар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Атбасар қаласында тұратын Темірбеков Жанайдар Өтегенұлы Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округ әкімі болып сайланды.
Атбасар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2025 жылғы 17 наурыздағы № 4 шешімімен 2025 жылғы 16 наурызда сайланған Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Атбасар аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы