Атбасар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                             23 қаңтардағы Заңына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 3-тармағының                     3-1) тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Атбасар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы осы қаулының 1-5 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
  2. Қоса берілген Атбасар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Куатбековке жүктелсін.
  4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                                           К. Әлімжанов                                

 

Дата публикации
15 марта 2025