«Атбасар ауданының Новосельское ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің 2024 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

  1. Жалпы ереже

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер.

«Атбасар ауданының Новосельское ауылы әкімінің аппараты» ММ қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.

Новосельское ауылы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:

-«Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру»;

-« Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;

-«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтар алу»;

- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»;

- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;

- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».

2024 жылы Атбасар ауданының Новосельское ауылының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтер көрсетілген жоқ.

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 0;

- қағаз нысандағы мемлекеттік қызметтер саны 0;

- ЭҮП электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-2 қызмет;

- мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны – 0;

- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны-6 (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалар бар. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21366 болып тіркелді).

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

 2024 жылы Атбасар ауданы Новосельское ауылының жергілікті атқарушы органы мемлекеттік қызмет көрсетпеді.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Ресми сайтында және Instagram, Facebook әлеуметтік желісінің ресми парақшаларында, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органың ақпараттық стендтерінде  орналастырылған.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат. Атбасар ауданы әкімінің ресми сайтында және Атбасар ауданы Новосельское ауылы әкімінің ресми сайтында 2024 жылғы 28 ақпандағы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының Новосельское ауылы әкімінің аппараты» ММ қызметі туралы есеп жарияланды.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар.

Халыққа ыңғайлы болу және электронды мемлекеттік қызметтерді өз бетімен алу үшін ауыл әкімінің аппаратында компьютер (интернетке қосылған), көпфунционалды құрылғы сканермен, принтермен, веб-камерамен, картридермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. 2024 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының қызметтерін 403 қызмет алушы пайдаланған.

Ресми сайтында және Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің беттерінде «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу, Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, мерзімдері мен орнын түсіндіру бойынша 67 мақала жарияланды.

Халықты электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алуға тарту мақсатында тұрақты негізде «Цифрлық құжаттар әрқашан қолында» порталының мүмкіндіктері туралы түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі, осы тақырыпқа 1 баннер орнатылды, осы бағытта жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ, ауылдық округінде «Егер сізге Мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілсе», «EgovKzBot2.0» ролл аптар орнатылған.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыру нәтижелері.

2024 жылы жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жүргізілген жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметтерін автоматтандыру қажет.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерге техникалық оқыту жүргізілді, 2 қызметкер оқытудан өтті (100%). 2024 жылы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ақмола облысының мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК филиалында «Ең алдымен адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» бағдарламасы бойынша 1 қызметкер оқудан өтті. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекеттеріне шағымдану болған жоқ.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілмеген.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2024 жылы мемлекеттік қызметтер желісі бойынша шағымдар жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

«Атбасар ауданының мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі» ММ Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізу барысында бұзушылықтар жоқ.

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жүзеге асырылмаған.

4)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері зерделеніп, Новосельское ауылы әкімінің ресми сайтында жарияланды.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттануын одан әрі тиімді ету және арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың алдына мынадай міндеттер қойылды:- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стендтерді жаңарту, әлеуметтік желілердің беттерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы мақалаларды уақтылы жариялау;

- «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

- клиентке бағдарлану-көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.

 

 

Атбасар ауданы

Новосельское ауылының әкімі                                                                        Ю. Поль

Дата публикации
27 февраля 2025