«Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2024 жылы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы есеп

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

"Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» сәйкес әкім аппаратының құзыретіне жер қатынастары саласындағы 6 мемлекеттік көрсетілетін қызмет кіреді.

- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

- «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;

- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»;

- «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату»;

- «Жер учаскесін алуға кезекке қою»;

- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».

Барлығы 2024 жылы (Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ -1 мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетті ««Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу (1-кезен)», оның ішінде:

- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-0;

- қағаз нысандағы мемлекеттік қызметтер саны -0;

- ЭҮП электрондық түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны- 1;

- Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны-0;

- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны-6 (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалар» бар. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21366 болып тіркелді).

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» -1;

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Әкім аппаратының ғимаратында Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолданыстағы ережелері, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган туралы ақпарат орналастырылған стенд ресімделді. Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінің ресми парақшаларында Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері тоқсан сайын жарияланады.

Мемлекеттік қызметтерді қолжетімді және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету, электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын арттыру үшін ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы»орналасқан.

«Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» қажетті перефириялық техникамен жабдықталған: компьютер (интернетке қосылған), көпфункционалды құрылғы (принтер, сканер, ксерокс), картридер, камера, динамиктер, құлаққаптар бар. Көрсетілген қызметтердің саны Egov бұрышы арқылы ұсынылған Мемлекеттік қызметтерді тіркеу журналында тіркеледі. 2024 жыл ішінде 210-ға жуық электрондық қызмет алынды, сондай-ақ Сотқа 1 талап арыз берілді.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді қолжетімді және ыңғайлы алуды ұйымдастыру мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында тактильді жол, пандус, консультантты шақыру түймесі, тану тақтайшалары орнатылған.

«Цифрлық құжаттар әрқашан қол жетімді» баннері, «Егер сізге мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілсе» ролл - ап орнатылды.

     2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат:

Ресми сайттарда сондай-ақ Атбасар ауданының әкімі мен ауылдық округінің әкімінің әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жылдық есептер жарияланды, жария талқылау барысында ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар:

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Процестерді түсінуді жақсарту үшін азаматтармен семинарлар мен кездесулер ұйымдастыру.

Әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі ақпарат пен қағидаларды орналастыру.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "»қан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметі туралы есепті жыл сайын жариялау.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері:

2024 жылы жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жүргізілген жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметтерін автоматтандыру қажет.

 

Барлық 6 мемлекеттік қызмет электрондық платформалар арқылы көрсетіледі, бұл қызмет көрсетудің жеделдігі мен ашықтығын арттырды.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерге техникалық оқыту жүргізілді, оқытудан 2 қызметкер өтті (100%).

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру:

Заңнаманың өзекті талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін нормативтік актілер мен процестерді тұрақты жаңарту.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсетуде бизнес-процестердің бұзылуына жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі зерделенді.

«Атбасар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің» басшысына «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының орыс және қазақ нұсқаларында әртүрлі оқылымның болуы туралы ұсыныс енгізілді,

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекеттеріне шағымдану болған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Мемлекеттік қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат:

Мемлекеттік қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері:

Орындалу мерзімі мен дәлдігін ішкі тексеруді қоса алғанда, қызмет көрсету сапасын тұрақты мониторингілеу және тексеру.

3) уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері:

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жүзеге асырылмаған.

4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері зерделеніп, «Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округі әкімі аппаратының» ресми сайтында жарияланды.

  1. Қызмет алушылардың одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары

1) Мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігін арттыру стратегиясы:

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органның алдына мынадай міндеттер қойылды:

- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;

- мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);

- мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стенділерді жаңарту, әлеуметтік желілер беттерінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы мақалаларды уақтылы жариялау;

- «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

- клиентке бағдарлану-көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.

 

 

Ақан Құрманов ауылдық

округінің әкімі                                                                                              А. Біләлова

 

Дата публикации
27 февраля 2025