2024 жылға мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша «Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметі туралы есеп

  1. Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

«Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Бөлім) негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

2) Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.

Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі бір мемлекеттік қызмет көрсетеді:

-«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну». Мемлекеттік қызмет көрсетудің кіші түрлері:

1) Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы ұсыну;

2) Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит ұсыну;

3) Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй салуға бюджеттік кредит ұсыну.

2024 жылы Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік қызметтің 1 түрін көрсетті:

-Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы ұсыну – 19 қызмет көрсетілді.

- оның ішінде ақылы негізде 0 мемлекеттік қызмет, 19 тегін негізде;

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 0;

- қағаз нысандағы мемлекеттік қызметтер саны 0;

- ЭҮП электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-19 қызмет;

-мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны – 0;

- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 1 (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидалары бар. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 9 желтоқсанда № 9946 болып тіркелді).

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

-Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы ұсыну – 19. Көтерме жәрдемақы білім беру саласының 12 мамандарына және 7 денсаулық сақтау мамандарына жалпы сомасы 7 014,8 мың теңгеге берілді.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Бөлімнің ақпараттық стендінде, Атбасар ауданы әкімінің сайтында, Бөлімнің Instagram әлеуметтік желісінің ресми беттерінде орналастырылған.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат. Атбасар ауданы әкімінің ресми сайтында 2024 жылғы 28 ақпандағы 2023 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ қызметі туралы есеп жарияланды.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында Бөлім Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары орналастырылған стендпен жабдықталған.

Сондай-ақ, Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» Бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған.

Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсында www.gov.kz:

-мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме сипаттағы мақала орналастырылды;

-2024 жылға арналған көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға және бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін Атбасар ауданының ауылдық елді мекендері бойынша денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының және мемлекеттік қызметшілерге сұранысқа ие мамандықтар тізбесі орналастырылды және «Отбасы банк» АҚ мәлімет үшін ұсынылды;

INSTAGRAM әлеуметтік желісінде:

-мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме сипаттағы мақала орналастырылды;

«Простор Атбасар» аудандық қоғамдық-саяси газетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде түсіндірме сипаттағы мақала жарияланды.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыру нәтижелері.

Мемлекеттік қызмет цифрлық форматқа ауыстырылды және «Отбасы Банк» АҚ Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы арқылы көрсетілді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерге техникалық оқыту жүргізілді, 2 қызметкер оқытудан өтті (100%). Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекеттеріне шағымдану болған жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізіледі.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2024 жылы Мемлекеттік қызмет желісі бойынша шағымдар жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

«Атбасар ауданының мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізу барысында бұзушылықтар жоқ.

3)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жүзеге асырылмаған.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері зерделеніп, Атбасар ауданы әкімінің ресми сайтында жарияланды.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттануын одан әрі тиімді ету және арттыру мақсатында Бөлімнің алдына мынадай міндеттер қойылды:

-мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын қатаң ұстану;

-мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);

-мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стенділерді жаңарту, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мақалаларды аудандық газетте, әлеуметтік желілер беттерінде жариялау;

-«Баспана маркет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;

-мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

-клиентке бағдарлану-көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.

 

 

«Атбасар ауданының экономика

және қаржы бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                                      Ш.Николайцева

Дата публикации
26 февраля 2025