1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:
«Атбасар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
2) Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Бөліммен мемлекеттік қызметтің 4 түрі көрсетіледі.
Негізделген және негізсіз бас тартулар болған жоқ, шағым түскен жоқ.
2024 жылы 818 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік орган көрсеткен мемлекеттік қызметтер саны –58 қызмет ақылы негізде;
- «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік орган (ведомстволық бағынысты ұйым) көрсеткен мемлекеттік қызметтер саны -616 қызмет, оның ішінде 536 қызмет ақылы негізде, 80 қызмет тегін негізде;
- тікелей мемлекеттік органда (қағаз форматында) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны –144 қызмет тегін негізде;
- Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны-0.
- Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны-4
3) Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
1) 2024 жылы бөлімнің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Мемлекеттік және орыс тілдерінде 14 жарияланым орналастырылды, аудандық «Простор Атбасар» газетінде 1 жарияланым орналастырылды, Атбасар ауданы әкімдігінің сайтында, әлеуметтік желілерде және қалалық газетте мемлекеттік қызмет көрсету ережелері туралы жарияланымдар мерзімді түрде шығады.
Бөлімнің кабинетінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары, қажетті құжаттар тізбесі, бөлімнің жұмыс кестелері орналасқан ақпараттық стендтер орналастырылған.
2) 2024 жылы Атбасар ауданы әкімдігінің ресми сайтында 2024 жылғы 28 ақпандағы «Атбасар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп жарияланды.
3) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды түсіндіру үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген азаматтарға күн сайын консультациялар жүргізіледі. Сондай-ақ сауалнама жүргізу арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетудің уақтылығы мен сапасын анықтау бойынша мониторинг жүргізіледі. 2024 жылы ашық есік күні өтті.
Негізді және негізсіз бас тартулар болған жоқ, шағымдар түскен жоқ.
1) 2024 жылы ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша ұсыныстар түскен жоқ.
2) есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерге техникалық оқыту жүргізілді, оқытудан 2 қызметкер өтті (100%). Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру бойынша мамандарды оқыту персоналды басқару қызметі жасаған оқыту кестесіне сәйкес жоспарланған.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізіледі. 2024 жылы Атбасар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер және ақпараттық қамтамасыз ету бөліміне мемлекеттік қызметтерді жетілдіру (куәліктер беруге қатысты) бойынша ұсыныс жіберілді.
1) 2024 жылы мемлекеттік қызметтер желісі бойынша шағымдар жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жүзеге асырылмаған.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері:
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері зерделеніп, Атбасар әкімінің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде жарияланды.
5.Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттануын арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды.
- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңнаманың талаптарын қатаң сақтау
- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: ақпараттық стенділерді жаңарту, Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мақалаларды аудандық газетте, әлеуметтік желілер беттерінде жариялау;
- Клиентке бағдарлану қағидатын нығайту
- «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
Косымша 1 пырақта.
«Атбасар ауданының кәсіпкерлік және
ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ
басшысы С. Жаманбаев