«Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің 2024 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

  1. Жалпы ереже

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер.

«Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.

«Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ  мемлекеттік қызметтің 19 түрін көрсетеді:

- «Еңбек мигранттарына рұқсат беру және ұзарту»;

- «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;

- «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу»;

- «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына түскен мүлікке билік ету, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша рұқсат беру»;

- «Сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру»;

- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін тағайындау»;

- «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;

- «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру»

- «Оңалтылған адамға куәлік беру»

- «Мүгедек адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

- «Мүгедек адамдарды техникалық - көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

- «Жүріп-тұруында қиындықтары бар бірінші топтағы мүгедек адамдардың жеке көмекшісінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

- "Мүгедектігі бар адамдарды есту қабілеті нашар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу";

- "Мүгедектігі бар адамдарды арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу";

- "Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу";

- "Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу";

- "Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу";

- "Тұрғын үй көмегін тағайындау";

- «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру».

Барлығы 2024 жылы 2040 мемлекеттік қызметтердің көрсетті, ол 2023 жылмен салыстырғанда 551 мемлекеттік қызметке аз (2023 жылы - 2591 қызмет), оның ішінде

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны: 361 мемлекеттік қызмет;

 ЭҮП электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны: 782 қызмет;

Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетілді.

917 қызмет-көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз нысанда көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына,  "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі ереже, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидалары", 20.04.2023ж. №224-VII ҚР Әлеуметтік кодексімен жүзеге асырылады.

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.      

  1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" - 355 мемлекеттік қызмет.
  2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" - 866 мемлекеттік қызмет.

 

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Ресми сайтында және Instagram, Facebook әлеуметтік желісінің ресми парақшаларында, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органың ақпараттық стендтерінде  орналастырылған.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат. Атбасар ауданы әкімінің ресми сайтында 2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметі туралы есеп жарияланды.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар.

Халыққа ыңғайлы болу және электронды мемлекеттік қызметтерді өз бетімен алу үшін ауылдық округ әкімі аппаратында ноутбукпен (2024 жылы жаңартылған, 16 Гб ЖСҚ), сканермен, принтермен, веб-камерамен, картридермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. 2024 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының қызметтерін 58 қызмет алушы пайдаланған.

Ресми сайтында және Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің беттерінде 83 мақала, 16 тікелей эфир жарияланды, 1 телевидение.

Халықты электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алуға тарту мақсатында тұрақты негізде «Цифрлық құжаттар әрқашан қолында» порталының мүмкіндіктері туралы түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі, осы тақырыпқа 1 баннер орнатылды, осы бағытта жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ, бөлімде «Егер сізге Мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілсе», «EgovKzBot2.0» ролл аптар орнатылған.

Ақмола облысы бойынша Азаматтарға арналған үкімет МК КЕАҚ филиалы Атбасар ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімінің мамандарымен дөңгелек үстел өткізілді.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыру нәтижелері.

"Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметі бойынша "Әлеуметтік көмек" ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесі автоматтандырылды. 

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін автоматтандыру нәтижелері.

 2024 жылы біліктілікті қайта даярлау бөлімінің 1 маманы оқытылды, 5 маман мемлекеттік қызметтер бойынша семинарға қатысты.

4) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілмеген.

 

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2024 жылы мемлекеттік қызметтер желісі бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

«Атбасар ауданының мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі» ММ Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізу барысында бұзушылықтар жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жүзеге асырылмаған.

4)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері зерттеліп, «Атбасар ауданының әкімінің аппараты» ММ ресми сайтында жариаланды.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттануын арттыру мақсатында 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді. Бөлімнің алдына келесі міндеттер қойылды:

- мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;

- мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);

- Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стенділерді жаңарту, Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мақалаларды аудандық газетте, әлеуметтік желілер беттерінде жариялау;

- "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы алушылардың қызметін насихаттау және ақпараттандыру бойынша іс-шаралар өткізу;

- клиентке бағдарлану;

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

 

 

«Атбасар ауданының

жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» ММ басшысы                                                                       Н.Райле

Дата публикации
26 февраля 2025