Атбасар ауданы әкімінің аппараты
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола
облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері
арасындағы ішкі конкурс
«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы,
Атбасар қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91,
электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік
органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың максималды
жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб
аспауы қажет)) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға
Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері
арасында ішкі конкурс жариялайды:
«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық
қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, (уақытша, негізгі қызметкердің жүктілігі мен
бала тууына байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне, 2025 жылғы 22
маусымға дейін) «Е-3» санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 226 837
теңгеден 260 564 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметін ұйымдастыру. Аудан
әкімі аппаратында мемлекеттік және ресми тілдерде құжаттауды және іс қағаздарын
жүргізуді ұйымдастыру. Аудан әкімі аппаратында іс жүргізу жөніндегі
нұсқаулықтың сақталуын бақылау. Құпия іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс қағаздарын жүргізуді, аудан
әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының азаматтар мен заңды
тұлғаларды жеке қабылдауын ұйымдастыру. Аудан әкімі аппаратында құжаттардың
орындалу мерзімін бақылауды жүзеге асыру. ТӨБЕ ААЖ бойынша есеп базасын
түсіру бойынша салыстыру актілерінің уақтылы берілуін бақылауды жүзеге асыру.
Аудан бойынша 1-ОЛ есебін жасау. Аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің
шешімдері мен өкімдерін шығаруды ұйымдастыру. Бөлімдердің істері мен
индекстерінің жиынтық номенклатурасын жасау бойынша жұмысты үйлестіру.
Азаматтардың хаттары мен өтініштерін уақтылы қарау, жоғары тұрған органдардың,
сондай-ақ өз құжаттарының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Лауазымдық
нұсқаулыққа сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.