«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау. «Атбасар ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 санаты.

Атбасар ауданы әкімінің аппараты

Конкурс туралы мәліметтер

 

Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2025 жылғы 24  ақпан

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2025 жылғы 26 ақпан

сұхбат:  2025 жылғы 28 ақпан

Анықтама телефоны: 87164324791

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазымның атауы:

«Атбасар ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 санаты

 

Функционалдық міндеттері:

Сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша есептілік, жоғары тұрған органдардың құжаттарының уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Базаларды жүргізу. Өз құзыреті шегінде құжаттарды әзірлеуде басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.. Кезекші жоспарларды жүргізу, мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу, жаңа объектілер салу, елді мекендерді кеңейту және реконструкциялау үшін учаскелерді таңдау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу. Құрылысқа бөлінген жерлерді пайдалануды бақылауды жүзеге асыру.

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізу.

 

Білімі бөлігіндегі талап:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сәулет немесе геодезия және картография немесе жерге орналастыру немесе  кадастр немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе құрылыс) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар (топырақтану және агрохимия немесе жерді мелиорациялау, баптау және  қорғау)саласындағы техникалық  және кәсіптік  немесе орта білімнен кейінгі білім

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағымдану тәртібі

Кандидаттар конкурс қорытындыларына және /немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шағымдана алады

қарауға өтіңіз

Дата публикации
12 февраля 2025