«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау. «Атбасар ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 санаты.

Атбасар ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы мәліметтер

Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2025 жылғы 24  ақпан

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2025 жылғы 26 ақпан

сұхбат:  2025 жылғы 28 ақпан

Анықтама телефоны: 87164324791

E-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700 теңге

Блок-А, грейд-4.

 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазымның атауы:

«Атбасар ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 санаты

 

Функционалдық міндеттері:

Дене шынықтыру мен спортты дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру. Перспективалық, мақсатты, ағымдағы, бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру. Спорттық іс-шараларды, жарыстарды ұйымдастыру және өткізу, аудан құрама командаларының барлық деңгейдегі жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету. Спорттық іс-шараларды, жарыстарды ұйымдастыру және өткізу, аудан құрама командаларының барлық деңгейдегі жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету. Есептер, анықтамалар жасау, ауданда дене шынықтыру мен спортты үгіт- насихаттау жүргізу.   Спорттық разрядтар беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету.

Білімі бөлігіндегі талап:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, не педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім немесе дене шынықтыру және спорт) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану немесе кітапхана ісі) немесе бизнес, басқару және құқық (мемлекеттік және жергілікті басқару немесе спорт менеджменті) немесе қызмет көрсету (мәдени-тынығу жұмысы) саласындағы техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағымдану тәртібі

Кандидаттар конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот тәртібімен шағымдана алады.

қарауға өтіңіз

Дата публикации
12 февраля 2025