«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына,
113-1-бабының 1-тармағының2)тармақшасына, 3 және 4-тармақтарына сәйкес,
Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 16наурызғаАтбасар ауданы Мариновкаауылдық округінің әкімін өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайлау тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылғы 16наурызғатағайындалған Атбасар ауданының Мариновка ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Атбасар ауданы әкімі аппаратының сайтында және аудандық«Простор-Атбасар» газетінде жариялансын.