Атбасар ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 23.01.2025 - 29.01.2025
Қабылдау 1 этап: 30.01.2025- 03.02.2025
Қабылдау 2 этап: 05.02.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 06.02.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 09.02.2025
Сұхбат: 12.02.2025
Анықтама телефоны: 87712101562
E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210087 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы: "Атбасар ауданының Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемсінің бас маманы, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Ауыл, ауылдық округ аппаратының іс қағаздарын жүргізу. ЕУОЛ ААЖ базасында өтініштердің есебін жүргізу. Әкім аппараты бойынша 1-ОЛ статотчетін дайындау және базаны ай сайын түсіру. Ауылдық округ әкімі аппаратының азаматтарды есепке алу және қабылдау журналын, сондай-ақ азаматтардың өтініштеріне байланысты хат-хабарларды жүргізу. Ауылдық округ аумағында келген және кеткен азаматтарды есепке алу бойынша жұмыс. Шаруашылық кітаптардың дұрыс жүргізілуін, халықтың, малдың, құрылыстардың, жасыл желектердің есебін қамтамасыз ету. Ауылдық округтегі комиссиялардың қызметін үйлестіру. ӘБЖ бойынша іс жүргізу құжаттарын жасау және сақтау. Істер номенклатурасын мемлекеттік мұрағатпен келісу мемлекеттік мұрағатқа құжаттарды дайындау және тапсыру бойынша жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ жойылуға жататын құжаттарды іріктеу. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді орындау.