«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
«Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, «Е-R-2» санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 305 232 теңгеден 350 615 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлім басшысының тапсырмаларын, жоғары тұрған органдардың актілерін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету. Бөлімнің қызметін үйлестіру. Тұрғын үй қорын маусымдық пайдалануға дайындау бойынша іс-шараларды бақылауды жүзеге асыру.Стратегиялық және ағымдағы коммуналдық шаруашылықтың мәселелері, желілік коммуникациялардың, жылу, газ және сумен жабдықтаудың тұрақты жүйесін құру мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру. Электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау, телекоммуникация объектілерінің жұмысын ұйымдастыру және бақылау. Автомобиль жолдарын реконструкциялауды, күрделі және ағымдағы жөндеуді жүргізуді, оларды жөндеуді және жайластыруды ұйымдастыру және бақылау. Аудан бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы функциясының жүзеге асырылуын бақылау.
Қалалықжолаушыларкөлігіментаксидіңтұрақтымаршруттарындажолаушылартасымалынұйымдастырудыбақылау.
Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуын және жүргізілуін бақылау.
БөлімніңМемлекеттікқызметкөрсетуінбақылау.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша бақылауды жүзеге асыру
Оған ҚР заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Блок-А, грейд-6.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (көлік, көліктік техника және технологиялар немесе жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) немесе құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе инженерлік жүйелер және желілер) немесе қызмет көрсету (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім не орта білімнен кейінгі білім;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
Келесі құзыреттіліктердің болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;