Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 18048 болып тiркелдi.
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 14-бабы 1-тармағының 2-6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсты ұйымдастыру мен өткiзу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның қазақ және орыс тiлдерiнде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жiберiлуiн;
3) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшiрмесiнiң мерзiмдi баспа басылымдарына ресми жариялауға жiберiлуiн;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейiн оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Заң қызметi департаментiне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген iс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердiң ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрiне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрi Ө. Шөкеев
"КЕЛIСIЛДI"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгi
Қазақстан Республикасы
Премьер — Министрiнiң
орынбасары — Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрiнiң
2018 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 518 бұйрығымен бекiтiлген
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсты ұйымдастыру мен өткiзу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң (бұдан әрi — Жер кодексi) 14-бабы 1-тармағының 2-6) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсты ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн айқындайды.
2. "Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң жекелеген нормаларының қолданысын және "Қазақстан Республикасының Жер кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгiзiлуiн тоқтата тұру туралы" 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрi — Заң) нормаларының қолданылу кезеңiнде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскелерiн шетелдiктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдiк заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетелдiктердiң қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беруге рұқсат етiлмейдi.
3. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiн шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру тәртiбi мен рәсiмi Заңмен көзделген ережелер мен шетеулердi ескере отырып, осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсты ұйымдастыру мен өткiзудi аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.
5. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) жер комиссиясы — жер учаскелерiне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурс жеңiмпазын айқындау туралы), жер учаскелерiнiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтiнiштердi (өтiнiмдердi) қарау және қорытындыларды дайындау үшiн Жер кодексiнiң 43-бабына сәйкес құрылатын жергiлiктi атқарушы орган жанындағы алқалы орган;
2) конкурс — жер учаскелерiн пайдаланудың неғұрлым қолайлы шарттарын ұсынған жеке және заңды тұлғаларға оларды уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығымен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн беру нысаны;
3) қатысушы — шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiн белгiленген тәртiппен тiркелген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары;
4) шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасы — әрбiр жер учаскесiнiң жеке сипаттамаларын (құнарлылығы, технологиялық қасиеттерi, орналасқан жерi, рельефi, климаты, табиғи-тарихи, экологиялық және басқа ерекшелiктерi) есепке ала отырып, оны неғұрлым ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететiн iс-шаралар кешенiн қамтитын, ауыл шаруашылығы жерi аумағының жақын перспективада ұйымдастырылуы мен орналастырылуын айқындайтын және негiздейтiн құжат;
5) уәкiлеттi орган — Жер кодексiнiң 14-1-бабында белгiленген құзыретi шегiнде аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы.
2-тарау. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсты ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi
6. Мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген жер учаскелерiн шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру Жер кодексiнiң 43-1-бабында және осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен және шарттарда шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурс (бұдан әрi — конкурс) негiзiнде жүзеге асырылады.
7. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдардың конкурсты ұйымдастыруы мен өткiзуi мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
1) жыл сайын тиiстi жылдың 20 қаңтарына дейiнгi мерзiмде конкурсқа шығарылатын жер учаскелерiнiң (бос жер учаскелерi болған жағдайда) тiзбесiн қалыптастыруды, келiсудi және бекiтудi жүзеге асырады.
Бұл ретте, конкурсқа шығарылатын жер учаскелерiнiң тiзбесiн одан әрi қалыптастыру, келiсу және бекiту жылына кемiнде 2 рет жүргiзiледi (бос жер учаскелерi болған жағдайда);
2) конкурсқа шығару үшiн тiзбеге енгiзiлген жер учаскелерiне қатысты жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзу;
3) конкурсты өткiзу туралы хабарламаны тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында таралатын мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ өз интернет-ресурсында жариялау және оны тиiстi облыс шегiндегi аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың басқа жергiлiктi атқарушы органдарына, сондай-ақ жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшiн жiберу, арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру;
4) конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi қабылдау және тiркеу;
5) конкурстың қорытындысын шығару.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 01.08.2019 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
8. Конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар берiледi:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм;
2) конкурстық ұсыныс.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 01.08.2019 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
9. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары конкурсты өткiзу туралы хабарлама алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн өткен соң, ал конкурс қайта өткiзiлген жағдайда — күнтiзбелiк он бес күн өткен соң конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi қабылдауды бастайды.
Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi қабылдау және тiркеу өтiнiмдердi қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде, ал конкурс қайта өткiзiлген жағдайда — он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
10. Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы "Ақпараттандыру туралы" Заңына сәйкес "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғанша берiледi.
"Электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы берiлген конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы арқылы түседi. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныс аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына өтiнiмдердi қабылдау басталған күннен бастап көрсетiлген мерзiм аяқталғанға дейiн он бес жұмыс күнi iшiнде қолма-қол енгiзiледi, одан кейiн өтiнiм электрондық құжат айналымы жүйесiнде тiркеледi.
11. Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмде Жер кодексiнiң 43-1-бабының 9-тармағында көрсетiлген мәлiметтер қамтылуы тиiс.
12. Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi iс-шараларды орындау;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекiтiлген (мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11549 болып тiркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуы тиiс.
Конкурстық ұсыныста өтiнiм берушi ұсынған мiндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлiгi болып табылады.
13. Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде мөрленген немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы бетi жеке тұлғалар (немесе сенiмдi өкiл) үшiн — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшiн — бiрiншi басшының (немесе сенiмдi өкiл) қолымен және мөрiмен (бар болса) куәландырылады.
14. Өтiнiмде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателердi түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кiрiстiрмелер, өшiрулер немесе қосып жазулар болмауы тиiс.
15. Конкурстық ұсыныстың жабық конвертiнде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейiн ашуға болмайды" (ашудың нақты күнi көрсетiледi) деген сөздер жазылады.
16. Жер кодексiнiң 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтiн конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмнен бас тартылады.
17. Қатысушы өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн өзiнiң өтiнiмiн өзгерте немесе керi қайтара алады. Өзгерiс өтiнiм сияқты дайындалады, мөрленедi және ұсынылады. Мұндай өзгерiс немесе керi қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн алған болса, жарамды болып табылады.
18. Өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi оған өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
19. Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi жер комиссиясы түскен жабық конверттердi ашу жолымен (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) конкурстың қорытындысын шығарады.
Жер комиссиясының отырысы Жер кодексiнiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес аудио-, бейнежазба құралдарының көмегiмен мiндеттi түрде тiркеледi. Жер комиссиясының отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен тiркеудi аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.
20. Жер комиссиясының хатшысы жер комиссиясының мүшелерiне әрбiр қатысушының атауын, оның өтiнiмiнiң және конкурстық ұсынысының мазмұнын жариялайды.
21. Өтiнiмдерi бар конверттердi ашу рәсiмi бойынша жер комиссиясының хатшысы ашу хаттамасын жасайды, оған жер комиссиясының төрағасы, оның мүшелерi және хатшысы қол қояды.
22. Жер комиссиясы барлық өтiнiмдердi олардың сәйкестiгi, толықтығы, есептемелердегi қателiктердiң, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделейдi, сондай-ақ, жалпы рәсiмдеудiң дұрыстығын тексередi, конкурстық ұсыныста көсетiлген бизнес-жоспар, оның iшiнде, инвестициялардың болжамды көлемi бойынша балл беру жолымен өтiнiмдердi бағалайды, салыстырады.
23. Балдар мiндеттемелердiң мынадай өлшемшарттары бойынша берiледi:
1) бiр гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемi туралы, мың. теңге:
1) суарылмайтын егiстiкке:
50-ге дейiн — 1 балл;
50-ден 70-ке дейiн — 5 балл;
70-тен 90-ға дейiн — 10 балл;
90-нан 110-ға дейiн — 15 балл;
110-нан жоғары — 20 балл;
2) суарылатын егiстiкке (суарылатын жерлер):
200-ге дейiн — 1 балл;
200-ден 300-ге дейiн — 5 балл;
300-ден 400-ге дейiн — 10 балл;
400-ден 500-ге дейiн — 15 балл;
500-ден жоғары — 20 балл.
3) жайылымдық және шабындық алқаптарға:
5-ке дейiн — 1 балл;
5-тен 10-ға дейiн — 5 балл;
10-нан 20-ға дейiн — 10 балл;
20-дан 30-ға дейiн — 15 балл;
30-дан жоғары — 20 балл.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 01.08.2019 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
24. Ең жоғары балл алған қатысушы жеңiмпаз болып танылады.
Екi және одан да көп конкурстық ұсыныстардың тартылатын инвестицияның ұсынылған көлемi бойынша балдары тең болған жағдайда конкурстың жеңiмпазы комиссия мүшелерiнiң ашық дауыс беруi арқылы анықталады.
Бұл жағдайда ең жоғары балл алған және комиссия мүшелерiнiң ең көп дауысын алған қатысушы жеңiмпаз болып танылады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 01.08.2019 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
25. Жеңiмпаз қабылдаған конкурстық ұсыныста көрсетiлген мiндеттемелер ауыл шаруашылығы жерлерiнiң пайдаланылуына Жер кодексiнiң 43-1-бабының 20-бабына сәйкес жүргiзiлетiн мониторинг барысында тексерiледi.
26. Жер комиссиясының шешiмi хаттамалық шешiммен ресiмделедi.
Жер комиссиясының хаттамалық шешiмiне жер комиссиясының төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ жер комиссиясының хатшысы қорытынды шығарылған күнi қол қояды.
Конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының мүшелерi қол қойған хаттамалық шешiм бiр жұмыс күнi iшiнде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкiлеттi органының интернет-ресурсында орналастырылады және үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, барлық өтiнiм берушiлерге және жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға оның интернет-ресурсына орналастыру үшiн жiберiледi.
27. Конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының хаттамалық шешiмiнде мынадай:
1) бас тарту себептерi туралы уәждi жауап берiле отырып, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдерiнен бас тартылған өтiнiм берушi (өтiнiм берушiлер) туралы;
2) өтiнiм берушiнi жеңiмпаз деп айқындау үшiн негiз болған дәлелдер көрсетiле отырып, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмi мақұлданған өтiнiм берушi (өтiнiм берушiлер) туралы ақпарат қамтылады.
28. Конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының хаттамалық шешiмi екi жұмыс күнi iшiнде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы шешiм қабылдау үшiн ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына жiберiледi.
29. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының хаттамалық шешiмi келiп түскен күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы шешiм қабылдайды.
30. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы шешiмi негiзiнде көрсетiлген шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартының жобасы дайындалады және конкурстың жеңiмпазы хабардар етiледi.
31. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскесiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартына конкурстың жеңiмпазы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қол қояды.
32. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, конкурстың жеңiмпазы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкiлеттi органын жазбаша нысанда хабардар етедi.
Конкурс жеңiмпазы хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде келмеген немесе одан шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскесiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тарту туралы хат келiп түспеген жағдайда аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары конкурс жеңiмпазы хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күнi өткен соң конкурсты қайта өткiзу туралы шешiм қабылдайды және оны жер комиссиясына жiбередi.
33. Егер конкурстың жеңiмпазы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскесiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоймаса, онда аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары бас тарту келiп түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде конкурсты қайта өткiзу туралы шешiм қабылдайды және оны жер комиссиясына жiбередi.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскесiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңiмпазының Жер кодексiнiң 43-1-бабының 19-тармағына сәйкес бiр жыл бойы келесi конкурстарға қатысуға құқығы болмайды.
34. Конкурс:
1) конкурсқа шығарылған әрбiр жер учаскесi бойынша конкурсқа қатысуға екiден аз өтiнiм келiп түскен;
2) егер конкурсқа шығарылған әрбiр жер учаскесi бойынша конкурсқа қатысуға екiден аз қатысушы жiберiлген жағдайларда өткiзiлмедi деп танылады.
Конкурсты өткiзiлмедi деп тану жер комиссиясының хаттамалық шешiмiмен ресiмделедi, ол үш жұмыс күнi iшiнде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкiлеттi органының интернет-ресурсында орналастырылады.
35. Конкурс өткiзiлмедi деп танылған жағдайда, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары Жер кодексiнiң 43-1-бабында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде қайта конкурс өткiзедi.
36. Конкурсты ұйымдастыру және өткiзу бойынша шығындар тиiстi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен өтеледi.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК