«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс. «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, «Е-R-1»

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар  қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың  максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

«Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, «Е-R-1» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 354 069 теңгеден 406 714  теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметін ұйымдастыру. Құрылыс қызметі туралы заңнама нормаларының сақталуын және құрылыс жобаларының іске асырылуын бақылау, Бөлімнің қызметіне қатысты аудандық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізуді ұйымдастыру. Жоғары тұрған органдардың және өз құжаттарының уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Бөлімнің стратегиялық жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету. Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру.

Блок-А, грейд-7.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: инженерлік, өңдеу және құрылыс (сәулет немесе құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе инженерлік жүйелер және желілер немесе көлік құрылысы немесе ғимараттар және құрылыстарды жобалау) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім не орта білімнен кейінгі білім;

      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

      4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

Келесі құзыреттіліктердің болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

      1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

     2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

            Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады."

            Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

      Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

     А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.

 

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының жасы он сегізден кем емес азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) хабарлайды. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады

             Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

 

Дата публикации
17 декабря 2024