Атбасар ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 29.11.2024 - 05.12.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 06.12.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 11.12.2024
Сұхбат: 17.12.2024
Анықтама телефоны: 87712101562
E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210087 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы: «Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Уақытша бос)
Функционалдық міндеттері: Қала әкімі аппараты қызметінің заңдылығын сақтауды қамтамасыз ету. Қала әкімінің нормативтік актілерінің, шешімдерінің, өкімдерінің және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарының жобаларын дайындауға қатысу. Қаланы абаттандыру және санитарлық тазарту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысады. Қала әкімінің мүддесін құқық қорғау және сот органдарында, сондай-ақ басқа да ұйымдарда білдіреді. Азаматтар мен заңды тұлғаларға консультациялық көмек көрсету. Қала әкімі аппараты қызметкерлерінің құқықтық білімін арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, қала әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылау.
Білімі бойынша талап: Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: құқықтану.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Шағым жасау тәртiбi Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не соттәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.