2024 жылғы 17 қарашада Атбасар ауданы Атбасар қаласының әкімін бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Атбасар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Атбасар округі
Атбасар қаласының әкімін сайлауы бойынша:
сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 20 608 азамат енгізілді, олардың 13 533 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 30, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған – 714.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Қаиржан А.С. – 8 225; Қаппасов Қ.Ж. – 1 945; Смағұлов А.Қ. – 2 619.
1984 жылы туған, «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Атбасар қаласында тұратын Қаиржан Анес Саятұлы Атбасар ауданы Атбасар қаласының әкімі болып сайланды.
Атбасар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2024 жылғы 21 қарашадағы шешімімен 2024 жылғы 17 қарашада сайланған Атбасар ауданы Атбасар қаласының әкімін тіркеді.
Атбасар аудандық сайлау комиссиясы