Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 17 қарашада тағайындалған Сергеевка ауылдық округ әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

2024 жылғы 17 қарашада Атбасар ауданы Сергеевка ауылдық округ әкімін бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

Атбасар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Атбасар ауданы Сергеевка ауылдық округ әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Сергеевка округі

Сергеевка ауылдық округ әкімін сайлауы бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 921 азамат енгізілді, олардың 568 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 18, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған – 39.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ақишев А.Р. – 71; Дархамбаев Н.Н. – 79; Сүлеймен А.Қ. – 361.

1997 жылы туған, «Атбасар ауданының Бастау ауылдық округі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Бастау ауылында тұратын Сүлеймен Аян Қажемұратұы Атбасар ауданы Сергеевка ауылдық округ әкімі болып сайланды.

 

 

Атбасар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2024 жылғы 19 қарашадағы шешімімен 2024 жылғы 17 қарашада сайланған Атбасар ауданы Сергеевка ауылдық округінің әкімін тіркеді.

Атбасар аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
19 ноября 2024