«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру. «Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-G-3.

Атбасар ауданы әкімінің аппараты Конкурс туралы ақпарат Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.11.2024 - 19.11.2024 Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 20.11.2024 Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 23.11.2024 Сұхбат: 27.11.2024 Анықтама телефоны: 87712101562 E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210087 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін) Лауазым атауы: «Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Уақытша бос) Функционалдық міндеттері: Қала бюджетіне түсетін салық түсімдерінің мониторингін жүзеге асыру. Салық алу бойынша жұмысты ұйымдастырады. «Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің аппараты» ММ негізгі қаражатты есептен шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Бюджет қаражатының өзгеруі туралы аудандық мәслихат сессиясына құжаттар дайындау. Келіп түскен хат-хабарлау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауға жауап беру. «Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің аппараты» ММ ҚБШ ақшалай қаражаттың түсуі мен шығыстарының жоспарын дайындау бойынша жұмысты ұйымдастырады; Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мәселелерді қарау және олар бойынша Атбасар қаласының аумағында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген хаттамаларды жасау. Білімі бойынша талап: Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: экономика, қаржы, есеп және аудит Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.Шағым жасау тәртiбi Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
12 ноября 2024