«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру. "Атбасар ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4.

Атбасар ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.11.2024 - 19.11.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 20.11.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
23.11.2024
Сұхбат: 27.11.2024
Анықтама телефоны: 87712101562
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
"Атбасар ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Жер қатынастарында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша
жұмыстарды жүргізу, мемлекеттік қызметтер бойынша есептілікті дайындау
және ұсыну. ХҚКО-мен өзара іс-қимыл, базаларды жүргізу. Жер қатынастарын
реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру. Жер
учаскелерін беру жөніндегі аудандық комиссияның қарауына материалдар
дайындауды жүзеге асыру, Комиссия хаттамаларын жүргізу және ресімдеу.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелерін беру жөніндегі өтініштерін
қарау.
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару
жөнінде ұсыныстар дайындау.
Мемлекет мұқтажы үшін нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау)
құнын дұрыс есептеуді тексеруді жүзеге асыру.
Аудан жерлерінің теңгерімін жасау. Жерді аймақтарға бөлу жобаларын
және аудан жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар
мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру. Елді мекендердің аумақтарын жер-
шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру. Жер
учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша
ауданның жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің
жобаларын дайындау.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:
құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру,
топырақтану және агрохимия, сәулет, құрылыс, мелиорациялау, топырақ
құнарлылығын қалпына келтіру және қоргау, кадастр, геодезия және
картография, жерге орналастыру
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
12 ноября 2024