Атбасар ауданы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы__________
№_______ қаулысына
қосымша
Атбасар ауданы әкiмдiгiнiң
2019 жылғы__________
№_______ қаулысымен
БЕКIТIЛДI
Атбасар ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы
сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi комиссияның
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер
1. Атбасар ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс — қимыл мәселелерi жөнiндегi Комиссия (бұдан әрi-Комиссия) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссияның мiндеттерi Сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп қағидаларын бұзуына қарсы iс-қимылды күшейтуге, мемлекеттiк қызметшiлердiң жауапкершiлiк деңгейiн арттыруға бағытталған келiсiлген шараларды әзiрлеу және қабылдау болып табылады.
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
4. Комиссия төраға, хатшы және Комиссияның өзге де мүшелерiнен тұрады. Комиссияны Атбасар ауданының әкiмi басқарады.
Комиссия құрамы аудандық басқарма басшыларының, өзге де лауазымды тұлғалардың қатарынан қалыптастырылады.Комиссияның құрамына басқа ұйымдардың, бизнестiң, жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi енгiзiлуi мүмкiн.
2. Комиссияның функциялары мен өкiлеттiктерi
5. Комиссия келесi функцияларды жүзеге асырады:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша, оның iшiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзiрлеу және енгiзу;
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың жай-күйiн, мемлекеттiк қызметшiлердiң аудан әкiмдiгi мемлекеттiк қызметшiлерiнiң (мемлекеттiк мекемелер мен ауыл және ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының) қызметтiк әдеп қағидаларын бұзушылықтарын мониторингiлеу және талдау.
3) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау, сондай-ақ жауапты мемлекеттiк лауазымдарды атқаратын адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiлерi, мемлекеттiк қызметшiлердiң әдеп бұзуы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және олар бойынша тәртiптiк жазалар қолдануға уәкiлеттi адамдарға қызметтiк тексеру жүргiзу туралы ұсынымдар дайындау;
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау.
6. Комиссия өз құзыретi шегiнде:
1) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, өзге де мемлекеттiк органдардан өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
2) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң, өзге де ұйымдардың басшылары мен өзге де адамдарын Комиссияның отырысына шақыруға және тыңдауға;
3) өз отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау мәселелерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың өзге де мәселелерi бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдар басшыларының ақпаратын тыңдауға;
4) мемлекеттiк органдарға, өзге де ұйымдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылға бағытталған ұсынымдар мен ұсыныстар енгiзуге құқылы.
3. Комиссия қызметiн ұйымдастыру
7. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi, Комиссия төрағасының шешiмi бойынша ашық немесе жабық болуы мүмкiн.
8. Комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады.
7. Комиссия отырыстарына Комиссия мүшелерi болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi шақырылуы мүмкiн.
9. Комиссия отырыстары Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi болған кезде заңды болып есептеледi. Комиссия мүшелерi оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
10. Комиссия отырысын өткiзу нәтижелерi бойынша хаттама жасалады, оған комиссия төрағасы мен хатшысы қол қояды.
11. Комиссия Төрағасы:
1) Комиссияның қызметiн басқарады;
2) Комиссия отырыстарында төрағалық етедi;
3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерiн қарауға байланысты мемлекеттiк органдар алқаларының отырыстарына қатысуға құқылы.
12. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның мiндеттерiн аудан әкiмiнiң мiндетiн атқарушы тұлға атқарады.
13. Комиссия Хатшысы:
1) Комиссия мүшелерiн оның отырыстарының уақыты мен орны туралы хабардар етедi;
2) Комиссия отырыстарының хаттамаларын ресiмдейдi
3) Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4) Комиссия отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады және Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын бақылайды.
14. жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер сұратылған ақпаратты беруге, Комиссияға жүктелген мiндеттердi орындауда жәрдем көрсетуге мiндеттi.
15. Комиссияның жұмыс органы Атбасар ауданы әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық жұмыс бөлiмi болып табылады.