Атбасар ауданы Атбасар қаласының және Сергеевка ауылдық округінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатқан әкімдерді сайлауды тағайындау туралы

Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 Атбасар қаласы                                             № 1/15            2024 жылғы «09»қазан

 

Атбасар ауданы Атбасар қаласының және Сергеевка ауылдық округінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатқан әкімдерді сайлауды тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 8-1 тармақшасына,
113-1 бабының 1 тармағының 3 тармақшасына, 3 және 4 тармақтарына сәйкес,
Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2024 жылғы 17 қарашаға Атбасар ауданы Атбасар қаласының және Сергеевка ауылдық округінің әкімдерін өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайлау тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 17 қарашаға тағайындалған Атбасар ауданының Атбасар қаласының және Сергеевка ауылдық округі әкімдерін сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі
    іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы Атбасар ауданы әкімі аппаратының сайтында және аудандық «Простор-Атбасар» газетінде жариялансын.

 

 

Төраға                                                                                                   А.Рыскелдин                                         

Хатшы                                                                                                   С. Шарипова

Дата публикации
10 октября 2024