Атбасар ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.09.2024 - 03.10.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 04.10.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 09.10.2024 Сұхбат: 14.10.2024
Анықтама телефоны: 87712101562
E-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін) Лауазым атауы: Атбасар ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, E-3 (Лауазым мәртебесі: Уақытша бос)
Функционалдық міндеттері:
Бөлімнің жалпы басшылығы және жұмысын ұйымдастыру. Мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік органның мүдделерін белгіленген тәртіппен ұсыну. Атбасар ауданы әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу. Аудан әкімдігінің мемлекеттік мекемелері әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға, қажет болған жағдайда әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберу. Аудан әкімдігінің басқа мемлекеттік мекемелері әзірлеген жағдайда келісу. Мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның құжаттарын дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік органда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыруды насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру. Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл жөніндегі комиссия отырысының жұмысына жауапты.
Білімі бойынша талап: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: халықаралық құқық, құқықтануЖұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; Шағым жасау тәртiбi Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.