Бос лауазымға орналасуға конкурс жарияланады

Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы «Атбасар су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бос лауазымына орналасуға конкурс.

Атбасар ауданының әкімдігі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы «Атбасар су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры.

Ұйымның орналасқан жері: 020400, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Атбасар қаласы, Казахстанская көшесі, 1.

Кәсіпорын қызметінің сипаттамасы:

Атбасар ауданы әкімдігі жанындағы «Атбасар су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын (бұдан әрі – Кәсіпорын) қызметінің мәні қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерімен айқындалатын әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу болып табылады:

Елді мекендерді сумен және жылумен жабдықтау, мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын күтіп ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету: сарқынды суларды қабылдау және бұру;

табиғи монополиясы бар объект ретінде реттеліп көрсетілетін қызметтермен технологиялық байланысты қызметтерді көрсету және қызметті жүзеге асыру;

су алу нүктелерінен мамандандырылған көлікпен шаруашылық-ауыз су мұқтаждарына су жеткізу; заңды және жеке тұлғаларға септиктер мен қазылған шұңқырлардан сарқынды суларды айдау; жобада (қалалық су құбыры схемасында) көзделмеген жаңа объектіні табиғи монополия субъектісінің теңгеріміндегі желіге қосу;

кәріз желісін жуу және тазалау; есепке алу аспаптарын пломбалау; су құбыры, кәріз және жылу желілерін төсеу; жылу энергиясын өндіру және беру; жылу энергиясын есепке алу аспаптарын дайындау және орнату.

Конкурсқа қатысу үшін келесі тұлғалар қабылданбайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

 сала кәсіпорнының тиісті бейінінде басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болған кезде техникалық ғылымдар мен технологиялар саласында жоғары білімінің болуы.

Мемлекеттік кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Негізгі функционалдық міндеттері: Кәсіпорын жұмысын үйлестіру, жоспарлау және ұйымдастыру. Тұтынушылардың сумен жабдықтауға, жылумен жабдықтауға, сарқынды суларды қабылдауға және бұруға қанағаттануын бақылауды жүзеге асыру, қаланың таратушы желілеріне, жылу желілеріне қызмет көрсету, құдықтар мен сорғы станцияларында бекіту арматурасын жөндеу.

Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау бойынша бақылауды жүзеге асыру. Кәсіпорын бөлімшелерінің тұрақты және апатсыз жұмысын қамтамасыз ету бойынша уақтылы іс-шараларды ұйымдастыру. Халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру. Сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау объектілерінің жұмысын бақылау. Жылу энергиясын өндіруді, бөлуді және беруді бақылауды жүзеге асыру. Қала және аудан бойынша қазандық жабдықтарын күрделі және ағымдағы жөндеуді, жер жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру. Шарттық міндеттемелер мен қаржылық тәртіптің қатаң сақталуын қамтамасыз ету. Жоғары тұрған органдардың және өз құжаттарының уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Кәсіпорынды реформалау және дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру. Аудандық ұйымдармен жұмысты үйлестіру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылау.

 Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кәсіпорын басшысын аттестаттауды тағайындау және өткізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу Қағидалары» негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған  күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін  аяқталады.

        Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

      3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

       4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;

       5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)» № 075/е нысаны бойынша анықтама.

 

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды Атбасар қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 9, мекенжайында орналасқан «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ ұсынады(106-кабинет, анықтама телефоны 8(71643) 2-64-99).

     Азаматтар конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (конкурс өтетін жерге бару және кері қайту, тұру және т.б.) өз қаражаты есебінен жүргізеді.

 

 

«Атбасар ауданының ТКШ,

ЖК, АЖ және ТИ бөлімі» ММ

 

 

 

 

 

Дата публикации
20 сентября 2024