Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Ақан Құрманов ауылдық округ әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

2024 жылғы 15 қыркүйекте Атбасар ауданы  Ақан Құрманов ауылдық округ  әкімін бір  сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

Атбасар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, ауылдық округ әкімінің сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Ақан Құрманов округі

Ақан Құрманов ауылдық округ  әкімін сайлауы бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 678 азамат енгізілді, олардың 561 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 25, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған - 41.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ақылбаева Ж.С. – 61; Белялова А.Д. – 361; Сүлеймен А.Қ. – 73.

1967 жылы туған, Ақан Құрманов ауылдық округ әкімі, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Ақан Құрманов ауылында тұратын Белялова Алтынай  Дүйсенқызы Ақан Құрманов ауылдық округ әкімі болып сайланды.

 

 

Атбасар аудандық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
18 сентября 2024