2020 жылғы қаңтар-ақпанда Атбасар ауданы әкімінің есеп беру кездесулерінде айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындалу барысы туралы ақпарат

(2020 жылғы 01қазандағы жағдай бойынша )

№ р/с Тапсырма Орындалу мерзімі Кімге тапсырылды Орындалуы туралы ақпарат
1. Атбасар қаласының автомобиль жолдарының көше-жол желісін орташа жөндеу 2020 жылғы 1 қараша Қамбатыров Б. Т. - Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Асқаров М. С. - Атбасар қаласының әкімі 2020 жылы Атбасар қаласының көше-жол желісін орташа жөндеуге 1 млрд. 110 млн. 681,8 мың теңге бөлінді:- ЖҚЖК бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен-138,864 млн. теңге (Л. Белаш көшесі);- облыстық бюджеттен берілетін несие-12 көшеге 600 млн. теңге бөлінді (Островский, Қошанбаев, Ирченко, Қошқарбаев, Вокзал маңы тұйық көшесі, Майкутов, О. Шмидт, Нұрсейітов, М. Әуезов, Қанай би, Қуанышев, Ағыбай батыр және Орталық алаң);- аудандық бюджеттен 4 көшеге 275 млн. теңге бөлінді( І. Есенберлин, Урицкий, Мұқышев, Ш. Уәлиханов көшелері)Аудандық бюджеттен 12 көше бойынша көше-жол желісіне ағымдағы жөндеу жүргізу үшін 38,5 млн.теңге қаражат бөлінді.12 көше бойынша көше-жол желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 38,5 млн. теңге бөлінді.Бүгінгі күні келесі көшелер бойынша жұмыстар жүргізілді: Островский-1 км., Қошанбаев-1 км., Ирченко-1,2 км., Қошқарбаев-0,45 км., Вокзал маңы тұйық көшесі -0,45 км., Майкутов-1,25 км.,О. Шмидт-0,4 км., Нұрсейітов-1,4 км., Әуезов-1 км., Қанай би-0,7 км., Ағыбай батыр - 1,9 км., Орталық алаң-21500 ш.м., Ш. Уәлиханов 1,5 км.,І. Есенберлин-1,5 км., Урицкий-0,5 км., Мукушев-1,15 км.Қазіргі уақытта мына көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде: Қуанышев-0,9 км., Ағыбай батыр-0,15 км., Майкутов – 0,2 км.
2. Атбасар қаласының тротуарларын орташа жөндеу 2020 жылғы 1 қараша Қамбатыров Б. Т. - Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Асқаров М. С. - Атбасар қаласының әкімі 2020 жылы облыстық бюджеттен Атбасар қаласындағы 6 көшенің (А. Құрманов, Әуезов, Ағыбай батыр, Сейфуллин, Л. Белаш, Озерная) тротуарларын орташа жөндеуге 96 млн. теңге қаражат бөлінді. «Көкшеагроинвест» ЖШС мердігерлік ұйымымен 86,337 млн.теңге сомасына шарт жасалды. Бүгінгі күні мына көшелер бойынша жұмыстар жүргізілді: Озерная -0,31 км., Ағыбай батыр-2 км., Л. Белаш -1,2 км.Қазіргі уақытта келесі көшелер бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр: Сейфуллин - 1 км., Әуезов-2 км.
3. Сочинское ауылында сумен жабдықтау желілері бар су құбырын салуға ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өтумен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу. 2020 жылғы 1 қараша Қамбатыров Б. Т. - Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Каранагаев С. Т., «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы 01.04.2020 жылы «Казахстанпроект» қазақстандық жобалау-зерттеу институты» ЖШС-мен (Павлодар қ.) 16,256 млн. теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шарты жасалды.Қазіргі уақытта Ақмола облысының су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясымен барлық қажетті келісімдер жүргізілуде, қоғамдық тыңдаулар 2020 жылғы 2 қазанға тағайындалды. Бүгінгі таңда кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге жобалық-сметалық құжаттаманы беру үшін жобаны жинақтау жүргізілуде.
4. Атбасар қаласында хоккей кортын жабу үшін жабық металл тенттік құрылыстың жиынтығын сатып алу және орнату; 2020 жылғы 1 желтоқсан Қуатбеков Қ.Ө. - Атбасар ауданы әкімінің орынбасары, Н.Г. Наймушина – «Атбасар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Хоккей кортын жабу үшін жабық металл тенттік құрылысты сатып алуға және орнатуға бөлінген:- республикалық бюджеттен 80,754 млн. теңге;- аудандық бюджеттен 12,246 млн. теңге.2020 жылдың 11 мамырында «Эксклюзив Строй»ЖШС мердігерлік ұйымымен сомасы 93,0 млн.теңгеге № 28 шарт жасалды. Бүгінгі күні электр энергиясы жүргізілді (қалқан және есептегіш орнатылды), инженерлік желілер (су құбыры, кәріз) бойынша жұмыстар аяқталды. Металл каркасты жинау аяқталды, қабырға жабыны орнатылды, қазіргі уақытта хоккей алаңының тенттік жабынын орнату және қоршау брусчаткаларын төсеу жұмыстары жүргізілуде.
5. № 2,5,6,8 орта мектеп және№ 1 балабақша ғимараттарының қасбеттерін ағымдағы жөндеу; 2020 жылғы 1 қыркүйек Қуатбеков Қ.Ө - Атбасар ауданы әкімінің орынбасары, Н.Г. Наймушина – «Атбасар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Орындалды.2020 жылы аудандық бюджеттен №№ 2,5,6,8 орта мектеп және №1 балабақша ғимараттарының қасбеттерін ағымдағы жөндеуге 23,3 млн.теңге бөлінді.№ 2 ОМ «Шайхиева Д.Р.»ЖК-мен 2020 жылғы 04 мамырда сомасы 3,2 млн. теңгеге № 194 шарт жасалды. Ағымдағы жөндеу жұмыстары 2020 жылдың 22 маусымында аяқталды.№ 5 ОМ «Шайхиева Д.Р.» ЖК-мен 2020 жылғы 04 мамырда сомасы 3,6 млн. теңгеге № 195 шарт жасалды. Ағымдағы жөндеу жұмыстары 2020 жылдың 19 тамызында аяқталды.№ 6 ОМ «Инжиниринг строй ASI»ЖШС-мен 2020 жылғы 14 сәуірде сомасы 2,6 млн.теңгеге № 175 шарт жасалды. Ағымдағы жөндеу жұмыстары 2020 жылдың 17 маусымында аяқталды.№ 8 ОМ «Ахметхан»ЖК-мен 2020 жылғы 22 сәуірде сомасы 3,3 млн.теңгеге № 188 шарт жасалды. Ағымдағы жөндеу жұмыстары 2020 жылдың 07 шілдесінде аяқталды.№ 1 балабақша «Луч 2050»ЖШС-мен сомасы 1,8 млн.теңгеге 2020 жылғы 20 мамырда № 17 шарт жасалды. Ағымдағы жөндеу жұмыстары 2020 жылдың 22 маусымында аяқталды.
6. Сергеевка орта мектебі ғимаратының шатырын ағымдағы жөндеу. 2020 жылғы 1 қыркүйек Қуатбеков Қ.Ө - Атбасар ауданы әкімінің орынбасары, Н.Г. Наймушина – «Атбасар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Қожахметов Қ.Қ.- Сергеевка ауылдық округінің әкімі ОрындалдыАудандық бюджеттен 13,5 млн. теңге бөлінді.2020 жылғы 11 мамырдағы ашық конкурстың қорытындысы бойынша «Блок Сити Эко Строй» ЖШС мердігерлік ұйымымен сомасы 7, 840 млн.теңгеге шарт жасалды.2020 жылғы 19 маусымда ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.
Дата публикации
01 октября 2020