«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау

Атбасар ауданы әкімінің аппараты

Конкурс туралы мәліметтер

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.09.2024 - 16.09.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 17.09.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

20.09.2024

Сұхбат: 25.09.2024

Анықтама телефоны: 87164324791

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазымның атауы:

«Атбасар ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 санаты

 

Функционалдық міндеттері:

Жер қатынастарында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу, мемлекеттік қызметтер бойынша есептілікті дайындау және ұсыну. ХҚКО-мен өзара іс-қимыл, базаларды жүргізу. Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру. Жер учаскелерін беру жөніндегі аудандық комиссияның қарауына материалдар дайындауды жүзеге асыру, Комиссия хаттамаларын жүргізу және ресімдеу. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелерін беру жөніндегі өтініштерін қарау.

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау. Мемлекет мұқтажы үшін нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын дұрыс есептеуді тексеруді жүзеге асыру.

Аудан жерлерінің теңгерімін жасау. Жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудан жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру. Елді мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру. Жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша ауданның жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау.

Білімі бөлігіндегі талап:

 

инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сәулет немесе геодезия және картография немесежерге орналастыру немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе құрылыс) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар (топырақтану және агрохимия немесе жерді мелиорацияялау, баптау және қорғау)саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағымдану тәртібі

Кандидаттар конкурс қорытындыларына және /немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шағымдана алады.

 

Дата публикации
10 сентября 2024