«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау
Атбасар ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы мәліметтер
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.09.2024 - 16.09.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 17.09.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
20.09.2024
Сұхбат: 25.09.2024
Анықтама телефоны: 87164324791
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазымның атауы:
«Атбасар ауданының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 санаты
Функционалдық міндеттері:
Сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша есептілік, жоғары тұрған органдардың құжаттарының уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Базаларды жүргізу. Өз құзыреті шегінде құжаттарды әзірлеуде басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.. Кезекші жоспарларды жүргізу, мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу, жаңа объектілер салу, елді мекендерді кеңейту және реконструкциялау үшін учаскелерді таңдау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу. Құрылысқа бөлінген жерлерді пайдалануды бақылауды жүзеге асыру.
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізу.
Білімі бөлігіндегі талап:
инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сәулет немесе геодезия және картография немесежерге орналастыру немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе құрылыс) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар (топырақтану және агрохимия немесе жерді мелиорацияялау, баптау және қорғау)саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағымдану тәртібі
Кандидаттар конкурс қорытындыларына және /немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шағымдана алады.