Атбасар ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы мәліметтер
Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2024 жылғы 11 қыркүйек
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2024 жылғы 13 қыркүйек
сұхбат: 2024 жылғы 16 қыркүйек
Анықтама телефоны: 87164324791
E-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700 теңге
Блок-А, грейд-4.
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазымның атауы:
«Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 санаты
Функционалдық міндеттері:
Аудандағы діни ахуал туралы жиынтық-талдамалық құжаттар мен есептерді дайындауды жүзеге асыру. Аудан аумағындағы діни бірлестіктердің қызметін зерделеу және талдау. Діни бірлестіктер мен филиалдар, басшылар, ғибадат объектілері мен миссионерлер туралы есеп жүргізу. Діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Діни бірлестіктердің уағыздарына ғибадат қызметтеріне бару және конфессия жетекшілерімен кездесу арқылы мониторинг жүргізу. Құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен, діни бірлестіктердің басшыларымен оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау. Діни экстремизм идеологиясының таралуына қарсы іс-қимыл және оның алдын алу және конфессияаралық келісімді нығайту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру. Бөлім қызметін ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспарлауды әзірлеу және іске асыру. Діни ахуал туралы есепті материалдарды дайындауды жүзеге асыру. Діни қызмет және діни бірлестіктер мен миссионерлердің қызметі саласында болып жатқан мәселелер бойынша өңірлік және республикалық БАҚ-та жарияланымдар мен сюжеттерге мониторинг жүргізу. Материалдарды өңдеу және сайтта орналастыру. Атбасар ауданының терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қалыптастыру
Білімі бөлігіндегі талап:
өнер және гуманитарлық ғылымдар (философия немесе дінтану немесе шығыстану немесе теология немеме исламтану немесе түркітану) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану немесе журналистика немесе қоғамдық байланыс немесе әлеуметтану немесе халықаралық қатынастар немесе аймақтану немесе халықаралық журналистика) немесе бизнес, басқару және құқық (құқықтану) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағымдану тәртібі
Кандидаттар конкурс қорытындыларына және /немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шағымдана алады.