«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 17-бабының 2-тармағы, 23-бабының 5-тармағына, Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 7 тамыздағы № 1/10 «Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысына, Атбасар ауданы әкімінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 11 шешіміне сәйкес, сайлау учаскінің шекараларын, Атбасар ауданының учаскелік сайлау комиссияның орналасқан жері мен құрамын хабарлаймыз.
№ 220 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақан Құрманов а, Болашақ к, 10, «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ғимараты, тел: 8 (71643) 97405
Шекарасы: Ақан Құрманов ауылы, Қаракөл ауылы, Қосбармақ ауылы.
Төраға – Бундан Татьяна Александровна; төрағаның орынбасары- Муканова Зубайра Каирбековна; хатшы – Костубаева Динара Берикболовна; комиссия мүшелері: Багусова Гульсара Сейтбековна, Слободнюк Виктория Сергеевна.